Бейсенбі, 20 Маусым 2024 12:01

Шымкентте жастар мен әлеуметтік осал топтағыларға 1900 пәтерді сатып алуға қаржы қарастырылды

Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, ал 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» мәлімдеген басқарма басшысы Олжас Тәжібаевтың сөзінше,   2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі). Ағымдағы жылы 1 спорт нысанының құрылысын (№12 спорт мектебі. ҚМЖ-70%) аяқтау жоспарланған. 1 нысан (№15 спорт мектебі. ҚМЖ-10%) құрылысы 2025 жылға өтпелі. 

 

Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 34,9 млрд. теңге қарастырылған (ЖБ–30,1 млрдр.тг., РБ–4,8 млрд.тг). 

Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, ақжайық-9, Тұран-87) ЖСҚ-сы әзірленуде. 

Басқарма басшысы бұдан бөлек, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарда ба екенін айтты. Ал, 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі екен. Оның ішінде:

- арендалық 8 үй (828 пәтер) (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық ш/а-6 үй); 

- кредиттік 69 үй (2554 пәтер), (Бозарық ш/а-36 үй, Ақжайық ш/а-33 үй).

Ағымдағы жылы 77 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр)  2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

 

 

Оқылды 278 рет