Басқарма басшысының сөзінше, кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер: қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімдері бар (Тұран-2 ш/а-88 үй, Шымкент сити ш/а-24 үй, Нұрсат-3 ш/а-44 үй, Бозарық ш/а-18 үй).
2024 жылдың 5 айында 10 382 пәтерден 198 кемшілік анықталып, оның 188-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Анықтама үшін: 2023 жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген.
2024 жылы қала аумағында 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» өткен көшпелі баспасөз конференциясында басқарма басшысы Олжас Тәжібаев айтты.
Тәжібаевтың сөзінше, оның, 11 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Атап айтқанда:
- Бозарық ш/а - 7 нысан;
- Тұран ш/а – 3 нысан;
- Әкімішілік іскерлік орталығы – 1 нысан;
- Ақжайық ш/а – 1 нысан.
- Қалған 1 нысанның (Ақжайық ш/а) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, 2 нысанның (Тұран ш/а 40 үйге 1-кезек, Тұран ш/а 40 үйге 2-кезек) ЖСҚ-сы әзірленуде.
Жиында сонымен қатар 2024 жылыдың 5 айында 10 мыңнан астам пәтерден 198 кемшілік анықталғаны да айтылды.
Кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер: қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімдері бар (Тұран-2 ш/а-88 үй, Шымкент сити ш/а-24 үй, Нұрсат-3 ш/а-44 үй, Бозарық ш/а-18 үй).
Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 12 мектептің (17 300 орын) құрылысын 2024 жылы, ал 6 мектептің (10 300 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» мәлімдеген басқарма басшысы Олжас Тәжібаевтың сөзінше, 2 спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (№12 спорт мектебі және №15 спорт мектебі). Ағымдағы жылы 1 спорт нысанының құрылысын (№12 спорт мектебі. ҚМЖ-70%) аяқтау жоспарланған. 1 нысан (№15 спорт мектебі. ҚМЖ-10%) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 34,9 млрд. теңге қарастырылған (ЖБ–30,1 млрдр.тг., РБ–4,8 млрд.тг).
Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.
Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, ақжайық-9, Тұран-87) ЖСҚ-сы әзірленуде.
Басқарма басшысы бұдан бөлек, 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарда ба екенін айтты. Ал, 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі екен. Оның ішінде:
- арендалық 8 үй (828 пәтер) (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық ш/а-6 үй);
- кредиттік 69 үй (2554 пәтер), (Бозарық ш/а-36 үй, Ақжайық ш/а-33 үй).
Ағымдағы жылы 77 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.