Сенбі, 13 Шілде 2024 05:52

Шымкент: Қала әкімі жазғы олимпиадаға баратын спортшылармен кездесті

Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы баратын болды.  Төрт жылда бір келетін әлем додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лецензия иеленген.

 

Солардың қатарында шымкенттік спортшыларымыз да бар. Олар аламан жарысқа қатысу үшін  спорттың 8 түрінен 12 лицензия жеңіп алды. Енді олар Париж төрінде ел намысын қорғау үшін бақ сынасып, өз өнерлерін көрсетеді.

Осыған орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков    33-ші жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы қаламыздың спортшыларымен  кездесті. 

Кездесу барысында шаһар басшысы спорт саласы әрдайым мемлекеттің назарында екенін атап өтті .

Олимпиада ойындарына дайындалу үшін де барлық қажетті жағдай жасалғанын мәлімдеді. Ендігі міндет – қазақстандық спорттың әлеуетін барша әлемге тағы бір мәрте дәлелдеп, ел намысын қорғау екендігін айтты.

Кездесу соңында қала басшысы спортшыларға сәтті өнер көрсетуді және жеңіспен оралуды тіледі!

Қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 4 бағытта жұмыс жоспарлары белгіленген. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 %-ына дейін жеткізу – басты жоспарда. 

Бүгінде үшінші мега­по­лис­те 33 спорттық ұйым жұ­мыс істеп тұр. Оның 16-ы ба­лалар-жасөспірімдердің және біреуі мүгедектігі бар адамдарға ар­налған спорт мектебі. Одан бө­лек, жоғары спорт ше­бер­лі­гі­не арналған, Олимпиада ре­зер­він даярлау орталығы, кәсіби спорт клубы, су-спорт кешені мен мемлекеттік жеке әріп­тес­тік аясындағы спорт нысандары бар. Аталған мекемелерде спорт­­тың 74 түрі дамытылып ке­­леді. Оның 37-і олим­пиа­да­лық, 28-і олимпиадалық емес жә­не 9 ұлттық спорт түрлері. Сон­дай-ақ 18 490 спортшы оқу-жаттығу сабақтарын жүр­гізіп жатыр.

 

Оқылды 232 рет