Аудан инфрақұрылымы толыққанды, ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.
Ал «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын, спорт алаңшаларын орнату үшін 1 миллиард 717 миллион 971 мың 510 теңге бөлінді.
Халық қатысатын бюджет жобасы шеңберінде 66 балалар ойын және 4 спорт алаңшасы орнату жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың соңында абаттандыру деңгейі 78,3%-ға жетіп, 2025-26 жылдары 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарына демалыс орындарын ұлғайту мақсатында 2024 жылы 3 гүлзар салу жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
«Әл-Фараби ауданында 390 көше бар, оның ішінде 124 көше (31,8%) жарықтандырылған. Ағымдағы жылы бюджеттен 118 көшені жарықтандыру жоспарланып, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 62%-ға жеткізу көзделуде. 2024 жылдың 4 мамырында қабылданған қалалық мәслихат шешімі бойынша, түнгі жарықшам бағаналарын орнату жұмыстарын Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізуде. Қазіргі уақытта 118 көшеге жарық шамдары орнатылып, іске қосылған»,-деді аудан әкімі.
Рашид Мамытұлының айтуынша, демеушілер есебінен тағы 50 көше ұсынылып, 22 көшесі жарықтандырылған. Жалпы, жыл соңына дейін аудан бойынша 342 көше жарықтандырылады, бұл 87,6% құрайды.
2024 жылы аудан аумағында 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. 366 көшесі (245 шақырым) асфальтталған, 24 көше (15 шақырым) тас жол. Жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 32 көшеге асфальт қабатын салу жұмыстарын жүргізуде. Олардың арасында орталық көшелер мен жаңадан асфальтталған орамдық көшелер бар. 2024 жылға асфальтталған көшелер саны 366-ға жетіп, 94%-ды құрайды.