Шолаққорған ауылының аумағында бөлінген 5 сектордың, оның ішіндегі 144 көшеге жауапты әр мекеме тазалық пен көгалдандыру жұмыстпрына тұрақты атсалысуда. Саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. «Шымкент-Созақ» бағытына шығатын үлкен жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, ауылдардың аумағы абаттандырылды. 21 арнайы техника жұмылдырылып, 36 шақырым көше бойлары мен 19 шақырым аяқ жолдары ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, полигонға 81 тонна қоқыс тасымалданды. Сенбілікке 2500-ге жуық мекеме қызметкерлерімен қоса ардагерлер ұйымы және қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен елді мекен тұрғындары да жұмыла кірісіп, тазалық жұмыстарын үрдіске айналдыруда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат