Айта кетсек, 2024 жылға Шардара қаласындағы 16 көшеге тас төсеу және асфальт жабдысын төсеуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Шардара қаласындағы О.Жандосов, Ш.Уәлиханов, Юсупов, Смағұлов-Алаш, Б.Момышұлы, Ақан Сері және жаңа емханаға баратын жолға асфальт жабындысы төселді. Сондай-ақ Тәуелсіздік, Қорқытата, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу, Мұнайбаза, Мұса Жәлел, Т.Рысқұлов көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілді. Қалған Құршан Ералиев, Ә.Қастеев, Ерәлиев көшелеріне асфальт жабынын төсеу мақсатында тегістеу, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың қыркүйек айының соңында толық аяқталып, тұрғындар игілігіне табыстау жоспарлануда. Оған қоса “Ауыл Ел бесігі” бағдарламасы аясында Қоссейіт ауылдық округіндегі 9 көшеге асфальт жабыны төселуде.
Сондай-ақ, Шардара ауданы, Жаушықұм ауылында орналасқан «ИІРЖАРАГРО»ЖШС шаруақожалығы тамшылатып суғару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс өнімін егіп, бүгінде жиын-терімді бастаған. Бүгінде «ИІРЖАРАГРО» ЖШС шаруақожалығы Түркиялық инвесторлармен бірге 500 гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл 370 гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суғару әдісімен өсірген. Бұдан бөлек шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Онда 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты 20-30 адамға қосымша жұмыс беріп отыр. Сонымен бірге, 23 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Диқандар күнбағыс өнімін іші экспорт нарығынан бастап, ҚХР, Түркия, Әзірбайжан шет мемлекерге де экспорттауды жоспарлайды. «Алдағы уақытта мемлекет қолдауымен шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып сурару дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін.» дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат