Сейсенбі, 22 Қазан 2024 16:35

Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Шымкентте бір ғана сейсмикалық станция бар. Бірақ оның өзі күрделі жөндеуді талап етіп отыр. Құрылғылары ескіріп, ғимаратының тозығы жеткен. Бұл мәселе қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Сондай-ақ 7 балдық жер сілкіну қауіпі бар қаладағы тұрғын үйлердің сейсмикалық жағдайы айтылды.

Бүгін Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау қызметкерлері, ұялы байланыс операторлары, төтенше жағдайлар қызметі және басқа да уәкілетті мекемелердің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде басты назар сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жер сілкінісі жағдайында азаматтық қорғаныс қызметінің дайындық деңгейін бағалауға бағытталды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Шымкенттегі жалғыз сейсмо станция ескіріп, құлаудың аз-ақ алдында тұрғанын айтып дабыл қағып отыр. Ғимаратты жаңартып, құрылғыларын ауыстырмаса айтып келмейтін апаттың алдын алу қиынға соғады дейді.

Кеңес барысында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов және төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылады. Олардың есебіне сүйенсек, Шымкент аумағындағы жалғыз сейсмостанцияның ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді, ал қолданыстағы жабдықтар жаңартылуы тиіс.

- Инновациялық технологиялар ол төзімді іргетастар мен амартизаторлар болып саналады. Олар уникальный объект дейді конструкциясы күрделі объектілерде, ол 25 этаждан ары қарай. Сонымен қатар сесмикалық аймақтығы 9  балдан жоғары аймақтарда қолданылады. Сол себепті Шымкент қаласында 7-8 балға дейінгі конструкция есептелінгеніне байланысты бізде қажеттілік жоқ,-деді қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары ЕрдаулетАжибаев. 

Мамандар жер сілкінісі қаупі ең жоғары өңірлерге Алматы мен Шымкент қалаларын, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Абай, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарын жатқызған. Сейсмикалық станциялар кейінгі 5 жылда 45 мыңнан астам дүмпуді тіркеген. Оның көбі төмен балдық жер сілкінісі. 2028 жылға дейінгі кешенді жоспар аясында қолданыстағы 70 станса жөнделмек. Сонымен қатар тағы 285 станция орнату жоспарланған.

Соңғы жеті жылда қала аумағында магнитудасы 2 балдан асатын 16 жер сілкінісі тіркелген. Ғимараттардың қирауы және құрбан болғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, Шымкент қаласы үшін сейсмикалық қауіп тудыратын басты аймақ – Түркістан облысындағы Қаржантау тау жоталары (Қазығұрт және Төлеби аудандары). Осы жоталардан келетін сейсмикалық белсенділік қаланың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. 1976 жылы жүргізілген соңғы инженерлік-геологиялық зерттеулер Шымкенттің топырақ құрамының сейсмикалық жағынан қолайсыз екенін көрсетті. Нәтижесінде, қалада жер сілкінісі болған жағдайда оның күші стандартты көрсеткіштен бір балл жоғары болады. Бұл қирау қаупін арттырады.

«Шымкент қаласы бұл жер сілкінісінен 250 километр қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісі 7 балмен болды эпид центрда.  250 килметрде орналасқан Шымкеннтке 6 балмен жетті. Яғни бұл мынау далалық жерде болған жер сілкінісінің қарқындылығының күші басылмайды қанша километр өтседе жәй басылады»,-деді Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының өкілі Айгүл Данабаева.  

Жиын қорытындысында қала прокуроры Ғабит Мұқанов мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Жауапты мекемелерге жоспарланған іс-шараларды уақытылы аяқтау бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында Шымкент қалалық тұрғын үй басқарамасына тексеру жүргізген-ді.

Оқылды 24 рет