Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Оның ішінде, Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданы, Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағынауданында, Қаратау ауданы, Тұран шағынауданының, Әл-Фараби ауданы «Забадам» шағынауданының орталық көшелерінде және Еңбекші ауданындағы 12 шағынауданында ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан тұрғындары тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты.
Су және жер ресурстарын, жасыл желектерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық дүниетанымға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тазалық іс-шараларына қатысушылар, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.