Сәрсенбі, 16 Қазан 2019 15:57

Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлық көрсетуде

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». ПрезидентЖолдауын жүзеге асыру жолында Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы жүйелі жұмыс атқарып, үлес қосып келеді.

Жолдауда Президент бекітіп берген барлық бағыттархалықтың әл- ауқатын жақсартуға негізделген. Әлеуеті төмен топқа айрықша назар аударуда. Осыны ескерген Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының мүшелері аз қамтылған отбасы балаларына ерекше қамқорлық көрсетуде. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да мәселесін шешуге атсалыспақ.

Аталмыш ұйымның мақсаты­- Қазақстан азаматтарының өмір сүру деңгейін  жақсарту. Азаматтық жауапкершілікті арттыруға күш салу. «Бес әлеуметтік бастама бойынша сұрақ-жауап жүргіздік. Қоғамдық кеңестер бойынша заң қабылдау керек. Сол бойынша ұсыныс беріп жатырмыз» - дейді Шымкент қаласы «Азаматтық Альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков.

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің қуатын арттырып, ел тұрақтылығын  нығайтушы қоғамдық институт болып табылады.Тиісінше  оларға  мемлекеттен  жан-жақты көмек те көрсетіліп келеді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 612 рет