Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 21:51

Түркістан облысы: Шардара ауданы тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовпен келісіліп, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков бекітіп берген, Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан наразылық факторларын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Шардара ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді. 

Жәрмеңкеде Шардара аудандық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі мен Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» Шардара аудандық бөлімінің мамандары тарапынан тұрғындарға «egov.kz» веб-порталын, «DIGITALAGENT» және «Телеграмм-бот» бағдарламасын қолдану жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарламаларды игеру арқылы жұртшылық ешқандай мемлекеттік мекеменің есігін қақпай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетулер шеңберінде үйінде отырып электронды түрде өзіне қажетті құжаттарын реттей алады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 864 рет