Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 20:54

Шымкент: блок-постта қызмет етіп жатқан медицина қызметкерлері тегін тамақпен қамтамасыз етілді

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының қалалық филиалымен бірлесе отырып игі істі жүзеге асырды, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында тұрғындар қауіпсіздігі үшін Шымкент қаласындағы блок-бекеттерде тәулік бойы қызмет етіп жатқан медициналық қызметкерлерді ыстық тағаммен және сусынмен қамтамасыз етті.

Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте кәсіподақ қызметкерлері осылайша жомарттық танытып, елге үлгі болатындай істің бастамашысы болды деуге толық негіз бар. Қос мекеменің қаладағы 12 блок-постта қызмет етіп жатқан дәрігері бар, полицейі бар, барлық жауапты мамандарды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатқандығына бүгін екінші күн екенін естеріңізге сала кетейік. Өз кезегінде дәрігерлер де, полицейлер де алғыстарын жаудырды. Мұндай игі шаралар бұдан кейін де өз жалғасын таба береді деген сеніміміз мол.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 320 рет