Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 12:28

Түркістан: Қала қоқыстан тазартылып, гүлзарлар жаңаруда

Түркістан қаласының жасыл аумағында жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт, өрік пен шие көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын отырғызылатын көшеттер алаңы ауқымданып, көне шаһар жасыл қалаға айналып келеді.

Қаланы бау-бақшаға бөлеуге бау баптаған бағбандар атсалысуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Дәл осы мақсатта қала 32 секторға бөлінген болатын. Әрқайсысы бойынша аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары жауапты.

 Барлығында бекітілген іс-шара жоспар бойынша қызу жұмыс жүріп жатыр. Қала қоқыстан тазартылып, гүлзарлар жаңаруда. Жауапты сектор жетекшілері жарық шамдар қойып, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатылып жатыр. Ретсіз тұрған бетон қадалар мен тас тіреуіштердің орны тегістеліп, жаңартылған. Аяқжолдар мен вело жолдар төселіп, айналасына көшеттер егілді. Субұрқақтар орнатылып, жаңадан аялдамалар қойылған.  Сондай-ақ, сектор жауаптылары автотұрақтарды ретке келтіріп, талдардың түптерін қопсытуда. Қалада тұрақты түрде сенбіліктер өтеді.

 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 421 рет