Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 13:03

Түркістан: Жетісайда «Біз біргеміз» акциясы оқшауланған ауылдарда жалғасты

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалыны жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жабай Шындалиевтің бастамасымен, ауыл ақсақалдарының қолдауымен 860200 теңгеге азық-түлік алынып, 70 отбасыға таратылып берілді.

Ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерге партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары аясында жалпы 70 отбасына бірінші кезекте қажет ететін азық-түліктер табыстады. Аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаевтың ұйымдастыруымен карантин аумағындағы аз-қамтылған отбасыларға азық-түлікпен гигиеналық заттар таратылып берілді.

Оның ішінде, Жетісай қаласындағы Садовая мөлтек ауданында тұратын 100 отбасыға азық түлік корзиналары, одан бөлек Әбдіхалық ауылына 40 қап ұн таратылды және 40 үйге 9 түрлі азық түліктен туратын әлеуметтік корзиналар дайындалып, мұқтаж отбасыларына жеткізілді. Көмек қолын сөзған азаматтарға ауыл тұрғындары шынайы ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы Республикалық деңгейде короновирус індетіне қарсы күресті күшейту және тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Біз біргеміз!" акциясын өткізіп келеді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 353 рет