Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 13:29

Түркістан: Кентауда жомарт жандар көп

Кентау қаласына қарасты Ұшқайық ауылдық округі Нұртас елді мекені толықтай карантинге жабылып, бүгінде ауылға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қатаң бақылауда тексеру жұмысы жүргізіліп, ауылдағы пост-бекеттерінде күндіз-түні жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.

Ауылдың 4 тұрғыны #covid19 індетін жұқтырғаны анықталып, бүгінде қажетті ем алуда. Ол кісілермен жақын байланыста болған жандар оқшауланып, тиісті шараларды қабылдауда. Бұл тұрғындармен Кентау қалалық емхана дәрігерлері үздіксіз қызмет етуде.
Уақытша каратинге алынған ауыл тұрғындарына Облыстық мәслихаттың депутаты, "Nur Otan " партиясы Кентау қалалық филиалы жəне "Шорнақ" бастауыш партия ұйымының төрағасы Баймахан Сүлейменов пен Кентау қаласы кірістер басқармасының қызметкерлері көмек қолдарын созып 30-ға жуық отбасына күнделікті қажет азық-түлікпен демеушілік көрсетті.
Нұртас елді-мекеніне осы уақытқа дейін кентаулық жаны жомарт жандардың атынан көкөністер беріліп, ауылдың белсенділері залалсыздандыру жұмыстарына өз үлестерін қосуда.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Даурен Махажановтың тапсырмасымен ауыл толықтай бақылауға алынды. Залалсыздандыру жұмысы мен тұрғындарға қажет көмектер қарастыру шарасы атқарылуда.Ауылдың тынысы мен тіршілігі тікелей қала әкімінің бақылауында.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 


Оқылды 699 рет