Жұма, 10 Сәуір 2020 14:10

Түркістан: «Қамқорлық» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асып жатқан "Қамқорлық" бағдарламасы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты.

Игі шараға Түркістан облыстық  «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбеков бастаған зиялы қауым өкілдері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов,Түлкібас аудандық әкімдігі, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай бас болған бірқатар журналистер, облыстық іскер әйелдер бірлестігі мен облыстық ардагерлер кеңесі ұйытқы болып отыр. Еріктілер Састөбе және Балықты ауылдық округтеріндегі бірқатар отбасына қажетті азық-түлік апарып, тұрмыстық жағдайларын өз көздерімен көріп шықты. 

"Қамқорлық" бағдарламасы мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақылар аясынан тыс жүргізіліп отырғанын ескерген басшылық құрам әр жанұяның мұң-мұқтажына жеке-жеке құлақ асты. Оларға азық-түліктен өзге де қажетті заттар мен көрсетілуге тиіс жәрдемдерің тізімі жасалды. Атап айтқанда, Балықты ауылының тұрғыны төрт баланың анасы Әйгерім Қылышбекова денсаулығының жарамсыздығына байланысты жұмыс істей алмайды. Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алуға құжаттарын әзірлеп те қойған. Сегіз жасар екінші ұлы Жұбаныш бас тамырларының ауруымен ауырады. Жолдасы Тұранов Тынысбек жұмыссыз, алайда "екі қолға бір күрек" алып, ауыл ішіндегі кішігірім жұмыстарды істеп, үй ішін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Әйгерімнің жанұясына жеке куратор бекітіліп, ұлына және өзіне дәрі-дәрмек алынып, еміне жәрдесуді заңдастыру шаралары қаралды. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

Оқылды 382 рет