Жексенбі, 26 Сәуір 2020 17:04

Түркістан: Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады

Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас-аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Ал, осы жылы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланды. Олардың жалпы аумағы - 11 000 шаршы метр, 180 пәтер. Бүгінгі таңда мердігер мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жасалуда. Осылайша, келесі жылы ауданда 180-ге жуық отбасы баспаналы болмақ.

Айта кетейік, Түркістан обылысында 19 сәуірден бастап карантин режимі енгізілді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғап, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында қатаң шектеулер қойылды. Халыққа қажетті азық-түлік заттар мен өнеркәсіп, құрылыс нысандарындағы және көктемгі егіс жұмыстарына қажет өндірістік тауарлар мен материалдар, медициналық заттар тасуға рұқсат қағазы бар автокөліктер мен азаматтар және медициналық көмек қажет болған азаматтар ғана облыс аумағына кіріп-шыға алады.

Аймақта құрылыс саласы, көктемгі егіс науқаны, жұмыспен қамту жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары карантиндік режимге қарамастан жұмысын тоқтатпайды. Карантин Түркістан қаласындағы 35 құрылыс нысанында 4 мыңға жуық құрылысшы бір ауысымда жұмыс істейді. Барлығы жергілікті тұрғындар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.



 

Оқылды 316 рет