Қоймаға күнделікті Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмектер келуде. Қазіргі таңда қоймада 200 тоннаға жуық ұн, 22 тонна ет, 70 тоннадай көкөніс, сондай-ақ, көрпе-төсек пен киім-кешектер бар.
Бұдан бөлек, жаңадан құрылысы жүретін тұрғын үйлерге қажетті құрылыс материалдары да жинақталды. Атап айтқанда, қоймаға 20 000 дана кірпіш, 100 тонна цемент, 700-ден астам ағаш, 108 қорап гипсокартон, құрылыс ұнтақтары келген. Аталған материалдар Мырзакенттегі бой көтеріп жатқан жаңа мөлтекауданның құрылысына жұмсалады.
Айта кетерлігі, "Біз біргеміз" акциясы аясында Мақтааралға Нұр-сұлтан мен Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарынан және Қазақстан халық Ассамблеясы тарапынан көмектер келді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен азаматтар да атасалысуда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.