Сенбі, 05 Желтоқсан 2020 22:32

Түркістан: Бірлігі бекем ауылдың тірлігі де берекелі

Түркістан облысында алкагольді сусындарды мүлдем ішпейтін елдімекен бар. Тіпті арақ-шарап сатылмайды.

Алмалы деп аталатын ауылдың тұрғындары осылайша ащы судан түбегейлі бастартқан. Есесіне ауылда заң бұзушылықтар орын алмаған. Бірлігі бекем ауылдың тыныс-тіршілігін тілшіміз әңгімелесін.

Алмалы ауылы Жетісайдан небәрі 30 шақырым жерде жатыр. Шағын ғана кентте  200-ге жуық отбасы тіршілігін жасап жүр. Тұрғындардың  қайсібірін әңгімеге тартсаңызда спиртті ішімдіктің атын атамауды сұрайды.

Ауылда 4 дүкен бар. Барлығында арақ-шарап сатылмайды. Бұл Алмалылықтардың соңғы 10 жылда жеткен жетістіктері. Аға буын өкілдерінің рұқсатынсыз ештеңе шешілмейді, дейді жергілікті билік. Сол үшін қазыналы қариялардың бастамасын әкім де қолдап отырады.  Жаңа оқу жылы қарсаңында ауылдағы 40 шақты такси жүргізушілері балаларды сабаққа дайындау үшін 2 күн тегін аудан орталығына тасымалдайды. Оның өзі әжептеуір көмек болары анық.

Ауылда арақ сатылмағаны өз алдына оны ішпейді  екен тұрғындар, егер де кімде--кім үйіне жасырын әкеп ішетін болса, Рамазан айындағы ауызашарға ешбір қария оның отбасына бас сұқпайтын көрінеді. Бірлігі мен берекесі жарасқан ауылға, көрші елді-мекендер де қызығып отыр. Олар да осындай үлгіден өнеге алып іске асырғысы келеді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 1129 рет