Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 17:29

Түркістанда бала туу көрсеткіші жоғары

Қазақстанның 6 өңірінде туу көрсеткіші жоғары. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы алдын-ала деректер бойынша елімізде 425,6 мың туғандар тіркелді, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6%-ға көп және 1987 жылмен салыстырғанда 8,5 мың адамға немесе 2%-ға артық (туғандар саны бойынша алдыңғы рекорд 417,1 мың адам болған). 2020 жылдың көрсетілген кезеңінде қалалық жерлерде туғандар саны 248,7 мың адам немесе 58,4%, ауылдық жерлерде — 176,9 мың адам немесе 41,6% болды.

Барлық туғандардың жартысынан көбі елдің 6 өңірінде тіркелген: Түркістан (14,4%), Алматы облыстарында (12,7%), Алматы (8,3%), Шымкент (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) қалаларында және Жамбыл облысында (6,9%) тіркелген. 1000 адамға шаққандағы туу санын көрсететін туудың жалпы коэффициенті 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1000 адамға 22,40 туғандарды құрады. Бір әйелдің бүкіл репродуктивті кезеңінде туатын балалар санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті 2020 жылдың 12 айындағы алдын-ала деректер бойынша бір әйелге 3,12 баланы құрады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 39 рет