Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 21:40

Бәйдібек ауданындағы 52 елді мекеннің 15,4 пайызы газбен толық қамтамасыз етілген

Бәйдібек ауданындағы 52 елді мекеннің 15,4 пайызы  газбен толық қамтамасыз етілген.

- 2021 жылы 2 елді мекенде (Жаңаталап, Жұлдыз) жер асты су қорын анықтауға іздеу-барлау жұмыстары жүргізілетін болады.

- 6 елді мекеннің (Ақбұлақ, Нұра, Қызылжар, Үсіктас, Шұқыршақ, Байжансай) халық саны аз болуына байланысты орта мерзімді кезеңде аталған елді мекендерде су тазартатын кешенді блок-модуль қондырғысын орнату жоспарлануда. Аудан орталығы Шаян елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаға бюджеттік өтінім берілді.

Сарқырама елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы жүргізілетін болады. (Ұлттық қордан қаржысы бөлініп отыр).

Шақпақ елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Қазіргі таңда аудандағы 52 елді мекеннің 15,4 пайызы (8 елді мекен) газбен толық қамтамасыз етілген.

2020 жылы Ақбастау мен Сарқырама елді мекендеріне табиғи газ босатылды. Ал, үстіміздегі жылдың І-тоқсанында Тасқұдық пен Боралдай елді мекендеріне табиғи газ босатылады.

6 елді мекеннің (Жүзімдік, Қосбұлақ және Мәдениет, Бестоғай–, Ақбұлақ, Қайнарбұлақ) ішкі газ жүйелерінің құрылысы аяқталған.

2019-2021 жылдары аралығында «Мыңбұлақ елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысы» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осы Мыңбұлаққа жеткізуші газ тораптарының құрылысы пайдалануға берілген соң жоғарыда аталған 6 елді мекенге табиғи газ босатылады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 282 рет