Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 22:43

Жетісай: Дәріханаларға мониторинг жүргізілді

Жетісай ауданында дәріханаларға мониторинг жүргізілді.

Түркістан облысы, Жетісай ауданы әкімдігінің жанынан құрылған «Жетісай Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаев пен аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері Жетісай қаласында орналасқан дәріханаларға қоғамдық мониторинг жүргізді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмысшы топтың негізгі мақсаты – дәрі-дәрмек бағаларының шектік деңгейден аспауы, халықтың сұранысы бойынша аса қажет дәрілер мен антибиотиктердің қолжетімділігі, карантиндік режимнің, талаптардың сақталуын бақылау болып табылады.

Жүргізілген рейдтік шара барысында анықталған кемшілік бойынша дәріхана иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертулер жасалды. Айта кетейік, мониторинг тобының жұмысы кезінде дәрі-дәрмек бағалары белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан қымбат сату бойынша анықталмады. Алайда, мұндай рейдтік шаралар алдағы уақытта аудандағы кент, ауылдық округтерде орналасқан барлық дәріханаларда жалғасын табатын болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 322 рет