Жұма, 09 Шілде 2021 16:34

Түркістан облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша 74 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады

Түркістан облысында биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша 74 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді.

Нұржан Нұрашовтың айтуынша, өңірде биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 17 млрд 570,1 млн теңге қаралған. Атап айтқанда, 43 714 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 1 140 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 704 адам шағын несие беруге, 3 650 адам «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, 3 200 адам мемлекеттік грантқа, 3 050 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 390 адам жастар практикасына, 12 947 адам қоғамдық жұмыстарға, 198 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 3 адам мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орнына жолданатын болады.

«Жалпы «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың орта есеппен 66,4%-ы әлеуметтік және әлжуаз топқа жататын азаматтар оқытылады», - деді Нұржан Кеңесбекұлы. 

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 310 рет