Сенбі, 10 Шілде 2021 13:10

Түркістан: Арыс ауылдық округінде көгалдандыру қарқын алды

Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округі көшелеріне отырғызылған шырша көшеттерін күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.

Қылқан жапырақты жасыл екпелерді күнделікті күтіп-баптау бойынша маусымдық жұмыстар қоңыр күзге дейін жалғасын табады.

Суару, көгалдарды қырқу, тыңайтқыштармен және минералды заттармен қоректендіру, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан қорғау ұдайы назарда. Жаздың шілде айында өсімдіктердің жайқалып өсуі –тынымсыз еңбекке де байланысты.

Сондай-ақ көше бойларындағы ішкі арық және жол жағалауында өскен шөптерды ору, жинау, тазалау жұмыстары жалғасуда.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен Көлкент ауылдық округінде “Ауыл ел - тірегі” онкүндік аясындағы іс шаралар жалғасуда.

Оның барысында ауыл әкімі У.Юлдашов Көлкент ауылындағы "Гелиос" жанар-жағармай бекетінің қасбетін сырлап, ретке келтіру жұмыстарын жүргізу керектігін назарға алған болатын.

Бұл жұмыс бүгін әкім аппаратының қолдауымен, кәсіпкерлердің көмегімен басталды.

Сондай-ақ ауыл әкімшілігі, билері және белсенділер, қоғамдық жұмысшылары Ақсуабад ауылы Тәуелсіздік, Т.Рустемов Қарабұлақ көшелерінің санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 230 рет