Жұма, 10 Маусым 2022 18:39

ШАҺАР БАСШЫСЫ «БАҚЫТТЫ ЖАНҰЯНЫ» КӨРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әлеуметтік қолдау мекемелерін аралап, жұмысымен танысты. Алдымен қала басшысы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты  «Бақытты жанұя» орталығында болды. Шаһар басшысы оратылқтың жұмысымен танысты.  Ондағы нәзікжандылармен сөйлесіп, өздеріне көрсетіліп жатқан көмектің ұаншалықты пайдасы тиіп жатқанын сұрады.

 Мекеменің негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға жаң-жақты қолдау көрсету. Бұл жерде әйелдерге арналған түрлі бағыттар бойынша оқу курстары бар. Соның бірі тігіншілік курсы. Орталықтағы арнайы шеберхана тігін машиналары және өзге де қажет құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Көпбалалы аналар мұнда құрақ көрпе, қыз жасауы мен сұранысқа ие сән үлгісіндегі кимдер және түрлі ою-өрнектер кестеленген қазақы нақыштағы тақияларды тігіп үйренеді. Қызмет алушы әйелдірдің сөзінше, бұл олар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, мұндағы курстардың барлығы да тегін. Осылайша олар бос уақыттарын тиімді пайдаланып қана қоймай, үйренген ісін кәсіпте қолданбақ. Орталықта бұдан да басқа курстар бар.Олар:  кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM курстары, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйрететін кабинеттер жұмыс істейді.

 Сонымен бірге, мұнда атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еgov.kz порталынан мемлекеттік қызметтерді алу көмектерін ұсынылады. Мамандар  жыл басынан бері орталық 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетіп, психологиялық, құқықтық кеңес берілгенін алға тартады.

 Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы,4 А

Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма күндері аралығында (сағат 09.00-18.00-ге дейін)

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Оқылды 284 рет