Сәрсенбі, 14 Қыркүйек 2022 17:00

Жастарға жан-жақты қолдау көрсетіледі

«Биылғы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел күткен жағымды жаңалықтарға толы болды. Ендігі алда тұрған міндетіміз Президент нақтылап берген жоспарды бірлік пен берекеміз жарастырып, жүзеге асыру деп санаймын» - дейді Отырар аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Досанов,

Сондай-ақ, аудандық жастар ресурстық орталғының директоры: «Сонымен, Президент Жаңа Жолдауда не айтты? Осыған тоқтала кетейін. Мемлекет басшысы «Әр отбасы елдің ұлттық байлықтарын пайдаланудан нақты игілік көруі керек» - деп балаларды қолдау шаралары мен еліміздің болашағы жастардың белсенділігін мәселесін сөз етті. Расында да әрбір отбасының арманы баспаналы болу. Алайда бұған дейін қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар үйлі болуды армандаған жастардың мүмкіндіктерін толық шешіп бере алмай келеді. Ал, Президент көтерген балалар жылындағы «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарламасы бала болашағы үшін ғана емес елдің болашағы үшін жасалған батыл шешім деп айтар едім. Яғни, ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ін балалардың жасы 18-ге толғанға дейін жеке шоттарына мерзімінен бұрын шешіп алу құқығынсыз аударып отыруды ұсынған Президенттің бастамасы іске асса, болашақта әрбір қазақстандықтың білім алуы мен баспаналы болуы үшін тиімді болмақ.

Бұдан бөлек Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді»-деп атап өтті. Шындығында қазір жұмыссыз жүрген жастарға мұндай қолдаулар ауадай қажет-ақ. Бір кәсіпті бастасам деген азаматтар үшін жылдық өсімі төмен қаржылық қолдаулар көптеген бастамамаларды іске асыруға үлкен мүмкіндік берер еді.  Қорыта айтқанда «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай бүгінгі жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, оларға барынша жағдай жасалса кемел еліміздің келешегі жарқын болары анық деп ойлаймын. Сондықтан Президент Жолдауда айтқан міндеттерді бірлесіп іске асыруға шақырамын» - деді.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр 8 желтоқсан күні Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік құрдастары» грантын салтанатты түрде табыстау іс-шарасында жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау іс-шараларын атаған болатын. «Президенттік жастар кадрлық резерві тиімді әлеуметтік лифтіге айналды. Ол жас әрі мақсатшыл кәсіби маманға өзінің мемлекеттік басқару жүйесінде мүмкіндігін көрсетуге тағы бір мүмкіндік береді. Партиялық сайлау тізімінде 30 пайыздық квота жастардың Мәжіліс пен мәслихаттардағы өкілдерін арттырады»,  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет тарапынан жастарға қандай қолдау көрсетілетіндігін де атап өтті. «Жастарды қолдау үшін тұрғын үй бағдарламалары және арнаулы жобалар жүзеге асырылуда. Мәдениет, ғылым мен білім саласында табысқа жеткен жастарға мемлекеттік сыйлық берілуде. Бүгінгі іс-шара сіздердің бастамаларыңызды және шығармашылық жоспарларыңызды жүзеге асыруға тың серпін беретіндігіне кәміл сенемін», деді Президент.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 122 рет