ҚР вице-премьері Жеңіс Қасымбек Арыс қаласына келді
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді. Вице-премьер алдымен Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты.
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Арыс қаласына келді. Вице-премьер алдымен Атырау облысына қарасты №1 сектордағы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты.
Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыстың көбі кетіп, азы қалған. Мәселен, Жамбыл облысы №3 сектордағы 312 үйді берілген мерзімде 100 пайыз жөндеп бітеміз деп отыр. Қазіргі таңда онда 438 адам жұмылдырылған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді.
Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Өмірзақ Естайұлы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Түркістан облысы, Шардара қаласындағы «Әбу Мансур әл-Матруди» мешітінде дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен шешендік өнерді меңгеру жайында жиын болып өтті.
Ордабасы ауданында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі артқан. Ордабасы ауданы 2019 жылдың 5 айында өнеркәсіп саласы бойынша 8 млрд. 060 млн. теңгеге өнім өндірген. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыс көлемінде 3-орынға ие.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Әлтаев пен Түркістан облысы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының орынбасары Нәлібай Дәрібаев Шардараға арнайы іссапармен келді. Парламент мәжілісінің депутатымен өткен жиында Шардаралықтар кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларын дамытып, қызмет сапасын жақсарту жайындағы ұсыныстарын айтты.
Бұл туралы Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.М. Садықова мәлімдеді.
Бір айдан бері Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар атқарылу үстінде. Құрылыспен және тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен бірге қаланың жылу, су, электр сынды маңызды мәселелері бойынша да бірқатар істер қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін ең алдымен әкімдік тарапынан су және электр жүйелерін қалыпты жұмыс режиміне көшірілді.
Жарылыс кезінде магистралды су құбырларында 4 авариялық жағдай туындап, ол қалпына келтірілді. Жалпы 30 шақырымды құрайтын магистралды су құбырының зақымдалған 7 шақырымын жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжатқа қаржы қарастырылып, жұмыстар басталды.
Қаладағы кәріз жүйесі де реттеліп, ақаулардың 80 пайызы қалпына келді. Бір сусорғы қондырғысы ауыстырылды. Төтенше жағдай болған күннен бастап зақым келген 10 электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен қалпына келтірілген.
Арыста 4 жылу қазандығы бар. 30 көпқабатты тұрғын үй мен 11 әлеуметтік нысанды жылытатын жылу жүйелерінің ұзындығы – 13 шақырым. Төтенше жағдай кезінде 2 снаряд жарылып, жылу қазандығы ғимараты зақымдалған. Ақау актісі мен жобалық сметасы дайындалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ғимараттың есік-терезелері ауыстырылып, қабырғалары жөнделді.
Жалпы Арыстағы инфрақұрылым да толық зерттеліп, жөндеу және жаңарту жұмыстары жалғасады деген жоспар бар.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.
Түркістан облысы Кентау қаласының көп қабатты тұрғын үйлерінің аулаларының ішкі жолдарын жөндеу жұмыстары басталды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы ауданы Бөржар елдімекеніндегі «Мақта компаниясы» ЖШС-на барды. Онда жалпы облыстағы егіс көлемімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, облыс басшысы егіс алқабына шығып, комбайн жүргізіп, бидай орды.