Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында татуласу орталығы ашылды
ҚР Жоғарғы Соты жүзеге асырып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – «Татуласу орталығы» жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру. Осы мақсатта аудандық сот төрағасы Т.Машрапов пен Сарыағаш аудан әкімі Қ.Абдуалиев бірлесіп, «Татуласу орталығын» ашты.