Түркістан облысының өнерпаздары көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Түркістан облысының өнерпаздары Астана төрінде өнер көрсетіп жатыр. «Бірлік керуені» жобасы шеңберінде «Көшпенділер әлемі» құрылған болатын. Этноауылда киіз үйлер тігіп, көпшілікке өңірдің мәдени-туристік әлеуетін таныстырып жатыр. Шараны тамашалаған еліміздің депуттары мен зиялы қауым өкілдері бастаған көрермен өз бағасын беріп жатыр.

Түркістан облысында жаңа тұрғын үй кешені мен туристік, спорттық нысандар салынбақ

Түркістан облысында бой көтеретін әрбір құрылыс нысандары мен ғимараттардың сәулеттік жобасы тұрақты түрде арнайы кеңес отырысында талқыланады. Бүгін өткен кезекті мәжілісте 14 жоба талқыға түсіп, сәулетшілер мен жауапты басшылардың, мамандардың сараптауынан өтті.

Түркістан облысындағы заманауи тұқымбақтар өңірді көшетпен қамтуда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс аумағында заманауи тұқымбақ ашуды тапсырған болатын. Осы бағытта өңірде тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тұрақты 2 тұқымбақ бар.

Түркістан облысы: биыл Жетісай ауданында 13 спорт нысаны салынбақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2-қыркүйек күні жолдаған дәстүрлі Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту қажеттегіне тоқталған болатын. Осы мақсатта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудандағы барлық деңгейдегі мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері арнайы «Спорт күнін» белгіледі.

Биыл Түркістан облысында бюджет есебінен 500-ге жуық нысанның құрылысы жүруде

Түркістан облысы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар салып, пайдалануға тапсырудан республикада көш бастап келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі сарапталып, тиісті құрылыс жұмыстары қарқынды әрі жүйелі түрде жүріп жатыр. Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде тағы да сарапталды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды биылға жоспарланған құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Биыл Түркістан облысында 300 мың тонна мақта жинау жоспарланып отыр

Биыл Түркістан облысында 106,4 мың гектар жерге мақта егілді. Алдын ала болжам бойынша 300 мың тонна мақта жинау жоспарланып отыр. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы мақта шаруашылығына жаңа технологияларды, әдістерді енгізу жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Жетісайда «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті

Қазақстан халқының тілдері күні татулық пен тұрақтылықты, ынтымақ пен бірлікті ту еткен жүзден аса ұлттар мен ұлыстар мекен еткен егемен еліміз үшін маңызды мереке. Осыған дейін 22 қыркүйекте атап өтілген мерекенің 5 қыркүйекке ауысқандығы тарихи маңызға ие. Өйткені, атаулы күн қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ халқының тағдыры мен тілінің болашағы үшін күрескен, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспас-тұс келуде.

Жетісайда полиция майталманының есімі берілген сынып ашылды

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл толып тұр. Осы ретте Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясында ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Серікбаев Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есіміне берілген «Полиция сыныбы» ашылды.

Сайрам ауданында мал қозғалысын қадағалайтын блок-бекеттер қойылды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Ветеринария және жер саласы мамандарымен Сайрам ауданында мал қозғалысын қадағалау және аудан аумағындағы заңсыз құрылыстарды ретке келтіру бойынша комиссия отырысына қатысты. Аудан әкімі Арман Сәбитов бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында төрт түлік туралы түйткілді мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары мәселе бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіп, нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.