ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА КӘСІБИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАР ҚАЖЕТ

Қазіргі қоғамда кәсіби және техникалық мамандықтарды еңбек нарығының сұранысына қарай бейімдеу мәселесі жиі қозғалады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында кеңірек айтылды. Осы тақырып аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Бас қосуға мемлекет және қоғам қайраткері Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы және оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты түсіндірме жұмысын жүргізіп, пікір алмасу. 

 - Қазіргі таңда жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығы өте зор. Жоғары немесе орта білім беретін оқу орнын бітірсе, ол жас бір мамандықтың иесі атанады. Бірақ, ол таңдаған мамандық қоғамның сұранасына жауап бере ала ма? Қазір тұрмыстық салада қажетті электрик, сантехник, токарь, автоэлектрик деген мамандықтар тапшы. Бұл мамандықтарды жастар 9-сыныпты бітіргеннен кейін кәсіптік-техникалық колледждерде меңгеріп шығады. Сондықтан осы мәселені кеңінен дамытып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Иә, рас болашақ жастардың қолында. Дегенмен, қазір жастарға барлық мүмкіндік бар. Тек дұрыс бағыт бағдар беру керек,- дейді Еркін Сатқанбаев.

 Мемлекет басшысы еліміздегі осы бағытта білім беретін оқу орындарының жаңа экономикалық бағдардың міндеттеріне сай болу қажеттігін баса айтты. Бұл ретте М.Әуезов атындағы ОҚУ дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы бар көп профильді жоғары оқу орны. Маман даярлауда материалдық-техникалық базасы мен оқытушылар құрамы жеткілікті.  Бүгінде аталған оқу орны еліміздегі үздік ЖОО тізіміне енеді.

- «Ел экономикасына кәсіби және техникалық мамандарды даярлаудағы оқу орындарының рөлі» атты түсіндірме жұмыстарын жүргізу үлкен рөл атқарады. Осы жоба аясында  көптеген іс-шаралар іске асып жатыр.  Солардың  бірі және бастамасы бүгінгі конференция. Кәсіби-техникалық мамандықтар тапшы болғандықтан осы саланы тереңінен оқытып, мықты маман иесі етіп шығару керек. Сонда халыққа да қоғамға да өз үлестері тиеді ,- дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков.

Конфренция соңында қатысушылар жиын аясында көтерілген мәселелер төңірегінде  спикерлерге сұрақтарын қойып, жауап алды

Шымкент кәсіпорындарында жолдауды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте Azala Cotton кәсіпорнының еңбек ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын іске асыру бойынша кездесу өтті. Еңбек ұжымымен кездесуге қалалық қоғамдық кеңес мүшелері келді. Жүздесу барысында Шымкент қалалық кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан ӘЛТЕЕВ алдымен сөз алды.

-Мемлекет өздігінен өмір сүре алмайды. Оның басты құндылығы – адам, адам ресурстары, аумақтық тұтастық және экономика. Экономика мемлекеттің дамуына ғана емес, оның әрбір азаматының әл-ауқатын арттыруға да бағытталуы керек. Қоғамдық кеңес жанына іс-шараларымызды жоспарлайтын, еңбек ұжымдарын таңдайтын қалалық штаб құрылған. Біз әр адаммен көзбе-көз, жан-жақты кездесеміз, түсіндіреміз. 1991 жыл мен қазіргі жағдайымызды салыстырыңыз. Бүгінде жеткен жетістіктеріміз көп. Иә, кемшіліктер болды және бар. Мемлекет – тірі ағза, ол дамып келеді. Адамдар, мемлекеттік қызметкерлер бір жерде қателесуі мүмкін, біз одан сабақ аламыз. Тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүргенімізге небәрі 30 жыл болды. Бұл өте аз! Бірақ біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Ал жеткен жетістіктеріміз еселене түсуі керек. Биылғы Жолдауда саяси реформадан экономикалық реформаларға көшетін кез келгені айтылған. Ұлттық қордан балаларға ең болмағанда төлем алу. Бұл қашан болды? Біз БАӘ-ді әрқашан үлгі етіп келеміз. Ал бізде бірдей жүйе бар. Өндіріс өсуі керек, оған көмектесуіміз керек, - деп түсіндірді Б.Әлтеев.

Президент Жолдауындағы еліміздің экономикалық дамуы, жаңа тарифтік саясатқа көшу қажеттігі туралы сөздері, Салық кодексіндегі өзгерістер де өзекті. Кәсіпкерлікті қолдауға, нақты секторды тұрақты несиелендіруге көп көңіл бөлінуде. Өзгерістер медицина мен білімге әсер етті. Жолдаудағы маңызды жайттардың бірі – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де назардан тыс қалмады, бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайту дер кезінде қабылданған шешім болды. Б.Әлтеев осы мәселелер жөнінде ой қорытты.

Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Ербол ЖОЛБАРЫСОВ мұндай кездесулерге халықтың алғысы шексіз екенін баса айтты.

«Біз реформалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Конституциялық заңға 49 өзгеріс енгізілді. Ал мұны әрбір адам анық түсініп, білуі керек. Біздің жоспарымызда еңбек ұжымдарымен көптеген кездесулер бар», - деді Е.Жолбарысов.

Қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі, бюджет және экономика жөніндегі комиссия төрағасы Исмаилбек ШАЛАБАЕВ осындай кездесулерде тұрғындардың әлеуметтік сауалдарды жиі қоятындығын айтты.

«Бүгін «Азала» фабрикасының қызметкері АӘК алу үшін әртүрлі кеңселерге көп бару керектігін айтты. Енді құзырлы орындарға барудың қажеті болмайды, бәрі автоматтандырылады. Медиация органдарымен, осы салаға жауапты жетекші мамандармен келісіміміз бар. Олар тегін көмек көрсетеді», — деді И.Шалабаев.

Қалалық қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Президентінің Жолдауын түсіндіру жұмыстарын енді ғана бастады. Жоспарларға апта сайын еңбек ұжымдарымен кездесулер енгізілген. Бұл жұмыс өз жемісін беруде. Жиыннан кейін халық спикерлерді көпке дейін жібермей, сауалдарын қойып, елімізде болып жатқан өзгерістер мен реформаларға қызығушылық танытты.

ШЫМКЕНТТІҢ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМЫ ЖОЛДАУДЫҢ ӘР БАҒЫТЫН ТАРҚАТТЫ

 

Шымкент қаласының Әл-Фараби кітапханасында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын сөз етті. Жиынға қатысушылар өз ойымен бөлісіп, Жолдауда айтылған әр бағытты кеңінен тарқатты.

 «Аманат» партиясының Қаратау ауданы филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлының айтуынша, бұл жолғы Жолдауда халықтың әлеуметтік мәселесі мен балалардың болашағын инвестициялаудың тың әдістері ұсынылды. Сонымен бірге алдағы кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

 – Маусым айында жалпыхалықтық референдумда заңға өзгеріс енгізу үшін дауыс бердік. Көп ұзамай ең алғашқы өзгеріс Президент Жолдауында көрініс тапты. Мемлекет басшысы жер мен оның қойнауындағы байлық халыққа тиесілі екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық түсімінің 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылып отыратын болды. Болашақта осы қаржыны 18-ге толған әрбір жас сапалы білім мен баспана алуға жұмсайды. Бұл өркениетке бет алған ел үшін өте дұрыс шешім. Әлемдік тәжірибеде 5 жыл жұмыс істеген компанияға ел сеніммен қарайды екен. Ал, мемлекеттік басқаруда Ұлттық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға 7 жыл қажет екенін сарапшылар айтуда. Елімізде Президент тек 1 рет 7 жылға сайлануы да халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканы дамытуға жеткілікті деп ойлаймын, - деді Ә.Рахманұлы.

 Ал, Әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова дамудың әр саласын бүге-шегесіне дейін қамтыған салмақты Жолдау болғанын жеткізді.

– Әділетті мемлекет дегенде тек құжат жүзінде орындалатын істер болатын. Қазір күннен-күнге орын алып жатқан өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың куәсі болғаннан кейін шын мәнінде жаңа мемлекет қалыптасып жатқанына өте қуаныштымыз, - деді ол. 

«Шымкент келбеті»  «Панорама Шымкента» газетерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан биылдың өзінде көптеген игі істер іске асырылып, халыққа қолайлы орта қалыптасқанын айтты. 

 –Әлемде жер көлемі жағына 9 орында тұрған елімізде мал шаруашылығы ақсап тұрғаны жасырын емес. Етті Бразилиядан импорттаудың өзі осыған дәлел. Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Осы жылдың соңына дейін 5 млн. жерді қайтару жоспарланып отыр. Келесі жылдың соңына дейін Мемлекет басшысы тағы 10 млн. гектар игерілмей немесе заңсыз берілген жерді мемлекетке қайтаруды тапсырды. Осы қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері мал өсіріп отырған шаруаларға берілсе, біздің елде ет пен сүт өнімдерінің импорты тоқтар еді, - дейді Б.Тайжан.

Ал, журналист Зәуре Оралбаеваның айтуынша, әділетті қоғам құру үшін еңбек адамының істері еленуі керек.

– Президент Қ.Тоқаев әр сөзінде әділетті қоғамда еңбек адамы бірінші кезекте екенін айтады.  Әрбір сала нағыз білікті мамандардың арқасында дамиды. Олай болса әділетті мемлекетті құруда бірінші кезекте еңбек адамы бағалануы керек. Әр адам өзінің жұмысына аса жауапкершілікпен  қараса кез келген сала жүйеленеді, дамиды. Сондықтан елдің дамуы бір ғана мемлекетке емес, әрбір азаматқа, яғни еңбек адамына байланысты, - дейді З.Оралбаева.

Айта кетейік, Шымкентте зиялы қауым өкілдерінің бас қосуымен түрлі саладағы тақырыптар қамтылып, іс-шараларға арқау болуда. Бұл жолы қаланың зиялы қауымы Президенттің Жолдауындағы іске асуы тиіс бағыттарды саралады. 

 

 

2023 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Жастардың жат ағым жетегінде кету себептері

Кез келген тәуелсіз мемлекеттің негізгі күші, күре тамыры ол жастар болып табылады. Себебі жас буын еңбекқорлығы мен іскерлігі және өз еліне, жеріне патриот болуы, мемлекеттің дамуына алға басуына үлесі зор болатыны ақиқат. Міне сондықтанда Мағжан Жұмабаев атамыз:

Арыстандай Айбатты

Жолбарыстай Қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін – деп, жастардың қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын көрсеткен болатын. Алайда қазіргі таңда діннің асылына үңілместен, ақиқат жолды парасатты оймен салыстырмастан құр еліктеушілікпен, немесе белгілі бір мүддеге жету үшін жат діни ағымдардың жетегіне еріп жатқанын көзіміз көріп құлағымыз естуде. Осының салдарынан қаншама отбасылардың шырқы бұзылып, шаңырақтары шайқалып, берекесі қашуда. Кейбір отбасылардың отағасы білімсіздіктің салдарынан сезімнің сергелдеңіне түсіп, темір торға тоғытылса, бесік тербетіп үйінде отыруы тиіс нәзік жандылар, нағыз ислами өмір сонда деп, үй-жайын, бала-шағасын, елін-жерін тастап, шекара асып, қиырдағы шет мемлекеттерге кетті. Қаншама ата-ана ұл-қызынан айырылып, зар илеп қалды. Міне, жастардың осындай жағдайға душар болуының бір ғана емес, бірнеше себептері бар.

Ең бірінші себебі діни сауатсыздық. Жат діни ағымның жетегінде жүргендердің санының артуы қарапайым халықтың діни сауатының аздығынан немесе жоқтығынан туындайтыны хақ. Дінге толық таныммен, біліммен келмей шала сауатпен, сезіммен келіп, өзінің қалай адасқанын аңғармай да жатады. Теріс ағымға арбаушылар көбінесе өмірлік тәжірбиесі аз, уақытша қиындыққа төзімсіз, діни сауаты таяз жастарды тартуға тырысады. Өйткені, білімсіз адамның аңғал, көнгіш, сенгіш, еліктегіш келетінін жақсы біледі. Жат ағымдарға алданушылардың 85-90 пайызға жуығы  мүлдем діни сауаты жоқ, мешіт-медресе көрмеген. Ал, дінімізде білімнің маңыздылығы ерекше. Тіпті Құранның ең алғашқы түскен аяты да «Оқы» деген әмірмен басталады. Қасиетті Құран Кәрімде «Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар» (Нәхл сүресі 43 аят), «Білгендер мен білмегендер тең бе?» (Зүмәр сүресі 9 аят) – деп білімнің адам өмірінде алатын орынын қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Екінші себебі болса тәрбиенің мардымсыздығы мен ата-анасының қарауынсыз қалуы. Толық отбасынан шықпаған мейірімге, тәрбиеге мұқтаж  бала жылулықты көшеден іздейтіні айтпаса да түсінікті. Ата-анасынан ала алмаған діни ақпаратты көшеден іздеген жастардың тағдыры орны толмас өкініштерге соқтырып жатады. Ата-аналардың көпшілігі күн көрістің қамымен таңнан қара кешке дейін жұмыста болғандықтан, баласының тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыттары тапшы болып жатады. Ең бастысы бала-шағамыз қатарынан кем болмай, киімі бүтін, тамағы тоқ болса, қалтасында қымбат телефоны болса болды деп, материалдық құндылықпен шектелуде. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадис шәрифінде былай дейді: «Әкенің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы-оны жақсы тәрбиелеу» (Хадисті Имам Мүслим жеткізген). Сондай-ақ көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмей, немқұрайлы қарап, барлық міндетті мектепке итере салады. Бір әке-шешенің берген тәрбиесін жүз мектеп бере алмайтыны айдан анық. Отбасында адал мен арамды білмей өскен бала, өскенде дінге  қатысты көкейінде жүрген сұрақтың жауабын ата-анасынан ала алмағандықтан, көшедегі жат ағымның өкілінен сұрап, тұзағына оп-оңай түсіп кете барады.

Үшінші себеп ол ғаламтормен әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, жастарды жарға жығуға итермелейтін факторларының бірі болып тұр. Қазіргі таңда ұялы байланыссыз, интернетсіз жүрген адамды көрсек, таңырқайтын болдық. Интернетте шетелдегі псевдошейхтар мен еліміздегі заңсыз уағыз айтушылардың уағыздары, бұрынғыға қарағанда біршама бәсеңсіді. Жастар сол интернетте жарияланған мәліметтерге, видеоларға имандай сеніп, оларға лайк басып, пікір жазып, ақпараттармен бөлісіп отыруды үрдіске айналдырған. Сол мәліметтер мен видеолардың арасында жиһадқа шақыратын, билікке қарсы қоятын ақпараттар да жетерлік. Сондай ақпараттарды достарымен бөлісіп, от басып сотталып жатқандары қаншама?!

Төртінші себеп ол күйзеліске ұшырау. Қамшының сабындай қысқа, бес күндік жалған мынау өмірде жақсыны да жаманды да қатар көресің. Өмірдің ащысын да тұщысын да  басыңнан өткересің. Күнделікті күйбең тірлікпен біреуге ренжіп ашуланасың, енді бірде ашуландырасың. Өмір бар жерде өлім бар демекші жақын адамыңнан айрылып, қан жұтасың. Бұл мынауөмірдің жазылмас заңдылығы. Әйткенмен де жаратқан Алланың пенделері басына қиын-қыстау күн туып, қатты қиналғанда туған-туыс, дос-жараннан жылылық, мейірім, материалдық көмек бере алатын  жандар іздейді. Дәл осы сәтте әлгі дәстүрлі емес жат ағымның мүшелері ет жақын бауыры көрсетпеген жылулықты көрсетіп, бауырмалдылық танытып, жабырқау жандардың жанынан табыла кетіп, қайғысын бөлісіп, көңілге демеу береді. Осылайша айырылмас досқа айналып, әлгінің айтқанынан шыға алмайтындай халге душар болғанын өзі де сезбей қалады.

Бесінші себеп жұмыс орнымен араласатын ортасы. Жалпы дәстүрлі емес діни  ағымдардың мүшелері мемлекеттің жұмысынан бас тартып, сауданы берекесі бар сүннет амалдардың біріне балап, көпшілігі сауда саттықпен, жеке кәсіппен айналысады. Деструктивті теріс пиғылды жат ағымның жетегінде жүрген азаматтардың арасында да кәсіптің көзін тапқан, материалдық жағдайы жақсы, қалтасы қалың  азаматтар үлкен сауда орнындарын, базарлардан дүңгіршек, құрылысқа қажетті заттар сататын дүкендер ашып, оған жұмысшыларды тарта бастайды. Жұмысқа өзінің пікірімен пікірлес, діни көзқарасы сәйкес келетін сенімді азаматтарды іздейді. Өзінің ойындағысын таппаған жағдайда діннен хабарсыз жүрген жастарды қарамағына тартып, жоспарлы түрде үгіт-насихат жүргізіп, қатарын толықтыра түседі. Сонымен қатар әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде кейбір жастардың дінге бет бұруы араласатын достарының ықпалымен келгендігін көрсетеді. Кейбір жоғарғы оқу орындарының жатақханаларында, спорттық алаңшаларда шала сауатты, уағыз айтқыш жастар табылып жатады. Шала сауаттылардың айтқан уағыз-насихаттарына уланып, жастардың дінге деген көзқарасы бұрыс жағына қарай өзгеріп шыға келеді. «Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» - деген тамаша тәмсіл де сөзіміздің айғағы.

Алтыншы себеп ол шет елде заңсыз діни білім алу жалпы  Қазақстанда жат ағымның кең таралуының себебі шетелден теріс діни білім алу.  Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, шетелге діни білім алушылар көбейді. Ол жылдары елімізде сауатты діни білім беретін оқу орындары болмады. Ал, қазіргі таңда діни бағыттағы оқу орындары жеткілікті. Шетелдің діни білім беретін оқу орындарына мұқтаждық азайды, тіпті жоқ десекте болады. Дегенмен де суды бұлақтың басынан ішейік, шетелдің оқу орындарында, ғалымдардың алдында отырып, білім нәрімен сусындайық дейтіндер де табылады. Сол мақсатпен шетелге барған, діни сауаты аз жастар, заңсыз хужраларда, тіл курстарында сабақ беретін шейхтардың улы уағызын бойына сіңіріп, елге қайтады. Елге келіп өз уағыздарымен ылаң салып жүргендері де баршылық.Сонымен қатар шетелде діни білім алып, елге оралып, абыройлы қызмет жасап жүргендерді де жоққа шығара алмаймыз.

Міне осы себептердің алдын алар болсақ, әр отбасына жауапты ата-ана ұрпағының материялдық жағдайының кем болмауы үшін қалай мән берсе рухани байлығына да аса мән беруі керек. Тарихымыздан белгілі алысқа бармай-ақ «Алаш» зиялыларының барлығы дерлік бала кезден мешіт-медреседен діни білім алғандығы, олардың рухани жағынан мықты болуы, елге жерге деген адал қызмет атқаруына себеп болды.

 

Ш.Темірқұлұлы  

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

 теолог маманы                                                     

ТҮРКІСТАН: Діни ұйымның басты мақсаты - қоғамға іріткі салу

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық Қожа Ахмет Яссауи атындағы кәсіптік колледж

студенттерімен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты. Жат ағымдар бүгінгі күнде қоғамымызға көп зиян тигізуде. Қоғам бірігіп татулықта өмір сүрсе дінді де түсіндіру оңай болады. Егер де дін жайлы түсінігі аз, оқығаны аз болса оған өте күрделі дін мәселелерін түсіндіру ерте жасалған қадам. Ондай адамдарға Алланың нығметтері, жаратқан құбылыстарының таңғажайып қырлары т.б.  жайлы айтып дайындау керек. Жат ағым өкілдері ел арасында лаң салып қоғамды дүрліктірді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. дінді қиындатпаңдар оңайлатыңдар деген еді. Біздер соған амал етіп барынша Исламның жақсы жақтарын көрсетіп, дінді жаюымыз керек. Жат ағым өкілдері өз ата-анасынан бастап ағайын-туыстарын намаз оқымаса, ораза тұтпаса жерден алып жерге салып кіналай жөнеледі. Нәтижесінде одан көбісі теріс бұрылады. Дінге деген теріс пікір қалыптасады. Дінді өмірді қиындататын дүние сияқты көреді. Кезінде бір мұсылман адам басқа қалаға барып саудамен айналысқан. Сонда бір көмекшісіне сататын заттарын қалдырып шаруаларымен кеткенде, көмекшісі сапасында ақау бар бір затты қымбат бағаға сатып жіберген екен. Қайтып келген саудагер бұны білген соң, әлгі сатып алған адамның түр-сипатын сұрап базардан іздеген екен.  Әлгі тұтынушыны тапқан соң артық ақшасын қайтарып береді. Қымбат алып қойыпсыз деген сөзді саудагерден естіп көрмеген әлгі адам қай елден, қай дін өкілісің деп таңырқай сұрапты. Ислам деген дінді ұстанамын деп саудагер  мұсылмандық жайлы түсіндіріп өтіпті. Ислам діні енді таралып келе жатқан замандағы оқиға еді. Сол елдің халқы бір-біріне мұсылманшылықты мақтай отырып жеткізген екен. Нәтижесінде Алланың қалауымен сол қаланың көбі Ислам  дінін қабылдайды. Дінді таратқанда қоғамға пайдасы тиетін әділдікті, мейірімді бірінші орынға қойылатынын жеткізсе адамдар да тырысып жақсылыққа ұмтылады. Жат ағымдағылар, яғни діннен біреулерді бездіріп жүрген мұсылмандарға Алла сана берсін! – Сәләфизм немесе уахабизм мұсылман әлемінің барлығында дерлік пайда болып, көптеген мемлекеттерде түрлі бағыттарда бой көрсеткен ағым. Бүгінгі салафилерміз деп жүргендер Абу Ханипа салып кеткен мазхаб жолын мойындамайды, мазхаб имамдарының жолын ұстанбайды. Бастысы олар қазақы салт-дәстүрлерге түбегейлі қарсы. Олардың сөзіне сенсек, той жасауға болмайды, беташар деген дұрыс емес, жалпы алғанда ұлттық болмысқа тән қасиеттерді жоққа шығарып отырады. Мақсаты – жамағатын қоғамнан оқшаулап, өз мүддесіне пайдалануды ойластырады. Жат ағымдағылар айналаға аса байқатпағанымен өте ұйымшыл, қатарына тартудың насихат жолдарын жақсы меңгерген. Олардың арбауына кез келгеннің түсіп қалуы мүмкін. Жат пиғылдағылар көзі ашық, көкірегі ояу адамды арбай алмайды десек қатты қателесеміз. Діни ұйымның басты мақсаты - қоғамға іріткі салу, сол үшін дүрбелең туғызатын тобыр іздейді. Оның ішінде басқалар сенуі үшін сауаттылар міндетті түрде болуы керек. Осы себепті олар өзіне тартқан әрбір адамның психологиясымен әбден жұмыс жасайды. Қатарын көбейту мақсатында ағымға мүше атақты, бай адамдарды жарнамалайды. Оны көргендер бірден әлгі діни ұйымға бас ұрады. Одан басқа біреулерге материалдық жағдай жасалады, әке-шеше махаббатына сусап жүргендерге қамқоршы да бола кетеді. Әйтеуір олар қолданатын амалдар көп. Жат ағымдағыларды қалай ажыратуға болады деген сауалға келсек, біріншіден олар өздерін тым дөрекі ұстайды, намазға тұрғанда байқайтын шығарсыздар қусырған қолдарын көкіректеріне қояды, біздер болсақ кіндіктен төмен ұстаймыз. «Әмин» сөзін іштей емес, дауыстап айтады, дұға оқылып болған соң бет сипамайды. Кейінгі уақыттарда қулыққа басып дұрыс істегендей кейіп танытатындары бар, бірақ көңіл бөліп қараса жат әрекеттерді айқын аңғаруға болады, - деген мамандар өскелең ұрпақтың жат ағымның жетегінде кетпеудің жолдарын өздерінен сұрады. Бұдан соң басқосу сұрақ-жауап бағытында жалғасты.

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ АПАТЫ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік туралы айтты.

Министрдің айтуынша, жолдағы қауіпсіздік жағдайы – елдің даму көрсеткішінің бірі. – Жыл сайын 13 мың жол-көлік оқиғасы орын алуда. Онда 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астам адам жарақат алуда. Жалпы 2019 жылдан бері, әсіресе, пандемия кезінде жол апаты динамикасы төмендеді. Бірақ шектеулер мен блок-бекеттер алынғаннан кейін бұл көрсеткіштер өсіп жатыр, – деді спикер. Ағымдағы жылдың сегіз айында апаттылықтың барлық көрсеткіштері өсті: жол-көлік оқиғасы – 14%-ға (8 307-ден 9 429-ға дейін), қаза тапқандар – 18%-ға (1 258-ден 1 478-ге дейін), жарақат алғандар – 13%-ға (10 947-ден 12 394-ке дейін). Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жол апаты деңгейі жоғары.

– Барлық жол апаттарының 56%-ы, жарақат алғандардың 55%-ы және қаза тапқандардың 41%–ы дәл осы өңірлерде орын алған, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендерге сақтандыру төлемі қарастырылған

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы ПД Анықтау басқармасымен «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР 2003 жылғы 1 шілдедегі №446 Заңында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендерге сақтандыру өтемақысын төлеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылған.

Осыған орай жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқан, дене жарақатын алған және материалдық залал келтірілген жайттары бойынша жоғарыда көрсетілген Заң талабына сәйкес, сақтандыру төлемі қарастырылған.

Сонымен осы Заңның 24-бабына сәйкес (Сақтандырушының жауаптылық шектері)

1. Бiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):

1) әрбiр жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн және ол мыналарға алып келсе:

қаза табуға – 2 000 АЕК; (6 360 000 тг)

мүгедектiктiң:

бірінші тобы белгіленсе – 1600 АЕК;

екінші тобы белгіленсе – 1200 АЕК;

үшінші тобы белгіленсе – 500 АЕК;

мүгедектігі бар балаға – 1 000 АЕК;

Мертiгуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектiк белгіленбеген өзге де зақымдануына – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден аспауға;

2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;

3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

Заңның 26-бабына сәйкес (Сақтандыру төлемiн жүзеге асыру тәртiбi)

1. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңның 25-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде төлейдi.

2. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, бірақ басқа сақтандырылғандардың құжаттарды беруіне қарамастан, сақтандырушыға бірінші болып құжаттарын берген жәбірленушіден құжаттар алған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.

Жоғарыда көрсетілген процедура қоғамдық көмектесушілерге жүгінбей тікелей жәбірленушінің өзі немесе оның өкілі тікелей сақтандыру компаниясына жазбаша арызбен жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

Барлық қажетті ақпараттарды сақтандыру компанияларыңыздан білсеңіздер болады.

 

Түркістан облысында ірі қара малдарды ұрлаған тұрғын ұсталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлға оның қараусыз тұрған үйіне кіріп, ауласында жүрген 500 000 теңге болатын 2 бас жылқысын және 1 бас сиырын түнгі уақытта ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.

Тұрғынның үйінде қараусыз тұрған малын жымқырған күдіктіні ұстау мақсатында учаскелік полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Осылайша жан-жақты дұрыс бағытта жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікке ілінген ер адам ұсталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай күдікті ер азамат ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өзінің жүк көлігіне малдарды тиеп, әлдебіреуге сатып жібергені анықталды. Алайда полицейлердің кәсіби шеберлігінің арқасында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сезікті деп танылған азамат қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Әрбір азамат өзінің жеке мал-мүлкіне қырағы болуы керек. Малдарын қараусыз қалдырмай, уақытылы сырғалап, таңбалап, құжаттандырып, қора-жайын мықтап бекітуі қажет. Егер де малыңыз жоғалса не болмаса ұрланса, шұғыл 102-ге хабарлаңыз.

МАҚТААРАЛ: жасөспірімдер мен жастар арасында Білімділік - ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы түсіндіру жұмыстары өтуде

Мақтаарал мектептерінде жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Білімділік - ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру. Теріс ағымдарға ермеу, дінді дұрыс ұстану. Арнайы келген теолог мамандар оқушыларға түрлі теріс ағымдардың пайда болғанын, және оларға ермеуін түсіндіріп, балаларға дұрыс жолды көрсетті.

Исламдінітарихсахнасынашық­қа­лыберібілімгеай­рықшакөңілбөлді. VIII-XIV ғасырлардабілімменғылымғаарқасүйегенмұсылманөрке­­ниетіәлемніңғылыми, мәдени, ру­ханиорталығынаайналып, білімиелерінеерекшеқолдаукөрсетеді. Дінинегіздерденнәралғанисламмәдениетіөз­геөркениеттердіңғылымиже­тістік­те­рінқабылдап, олардыбейімдеді, әріқарайдамытты. Солкезеңдебілімдін­ніңнегізгіерекшеліктерініңбіріболды

Осылайша, исламмәдениетіБатысөркениетініңдамуыназорықпалетіп, адамзаттыңда­муынадаңғылжолашты. Арабжазуығылымқұралырө­лінатқарып, ақпаратпенбі­лімоғандейінадамзаттарихындаболмағанауқымдакеңта­ралды

Еңбастысыисламдініндеақылменжүрекарасындақай­­­­шылықболмады. Исламфи­лософиясыбойыншақұдайзат­тардыадамдаройлансын, па­йымдасындепжаратқан. Адамқұдаймензаттардытануыүшіндінменқатарсолзаттар­дытабиғаттызерттейтінғы­­­­лымдардыжаратқан. Орта­ға­­сырлықБатыстабілімдімо­йын­дамағандінғылым­ғақарсысоғысашып, дінифанатизм, инквизиция, соғыстарменим­периализмгежолберді. Қазірдемұсылмандарнадандықтан, тарұғым­дарданәлідеқұтылаалмайкеледі

ХIV ғасырданкейінмұсыл­манәлемібелгіліобъективтіксебептергебайланыстыдамудаарттақалды. Мұсылманай­мағындаауызбіршіліктіңболмауы, исламныңкеңпейілді, тереңрационалдыжәнеруханинегіздерініңорнынашектеулі, аясытарформализмніңсалтанатқұруы, сыртқыкүштердіңжорықтары, Жібекжолындағыхалық­аралықсауданыңтоқы­рауы, Еуропадағыдемо­графия­лықөсім, капитализмменөн­дірістіктөңкеріссияқтысебептержатады. Жаңадәуірдемұсылманелдерітүгелдейдерлікәлемдікгеосаясиалпа­уыткүштердіңықпалынатәуел­діболып, ғылымдамымады

Отаршылықкезеңінбасы­нанөткер­генкөптегенмұ­сыл­манелдеріндесаяси, құ­қықтық, әлеуметтік-эконо­ми­калықмәселелерұзақжылдарбойышешімінтаппай, ТаяуШығыстаүздіксізхалықнара­зылығыныңбастысебебінеайналды. Аймақтатарихижағ­дайғабайланыстыбілімменғылыммәселелеріекіншіқа­тардағыпроблемаларғаайналды. Кейбірмұсылманел­де­ріндегідінирадикализмна­дандықпенқатаркедейліктенбас­тауалады. Алнегізінде, дамығанелдердебілім, ғылымжәнетех­нологияныңдамуыадамныңсаяси-экономикалыққұ­қықтарыныңқор­ғалуынабайланыстыекенібелгілі

Мұсылманелдеріәлемдегіэнер­гетикалықресурстардыңүш­тенекібөлігіне, атапайт­қандамұнайқорларыменгаз­­дың 63%-ынаиелікетеді. Соғанқа­ра­­мастанИЫҰ-ғамүше 57 м­емлекетхалқының 26%-ыкедей, басымкөпшілігіәлеу­меттік-экономикалықда­­мутұрғысынанәлемніңөр­кениеттіелдеріненарттақал­ған

ХХ-ХХІғасырлардаисламәлеміндедемографиялықдүм­пуорыналып, әлемхалқыныңтөрттенбірбөлігінқұрағанынақарамастанбілімменадамкапиталыныңсапасытөмендеңгейде. Мәселен, ИЫҰел­деріменсалыстырғандаЕу­ропадағызерттеушілерсаны 10 есекөпекен. Еуропада 1 мил­лионадамғашаққандаға­­лымсаны 4651 кісіболса, мұсылманелдеріндебұлкөр­сеткішТүркия, Иран, Мы­сыр, Әзербайжан, Қазақ­стан, Ту­нис, Малайзиясияқтыел­дердісанамағанда 1000 кі­сідентөмен. ТүркияменИранИЫҰелдеріндежарияланатынғылымизерттеулердіңжар­тысынқамтамасызетеді. АлИЫҰ-дашығатынғылымима­қалалардыңүштенбірбөлігіМалайзиядажарияланады. Тех­нологияэкспортысаласындаМалайзияИЫҰөндіретінөнім­дердің 80%-ынсыртқашығарады. Араб елдерінен Тунис пен Иордания ғалым саны бойынша алда келеді. Парсы-араб шығанағының бай елдері ғылыми зерттеулерден гөрі университеттік және ді­ни білімге қомақты қолдау көр­сетуде. 

SESRIC ұйымының зерт­теуіне сәйкес Ислам ынты­мақтастығы ұйымы­на мү­ше елдер әлемде ғылым мен тех­но­­логияға бөлінетін қаржының тек 2,4%-ы, патенттердің 1,6%-ын және жарияланымдардың 6%-ын ғана қам­тамасыз ете­ді. ИЫҰ елдері ғылыми зерт­теу­лерге шамамен жылына 30 млрд АҚШ долларын жұм­сайды. Ал бұл көрсеткіш Ресейдің ғылымға бөлетін бюд­жетіне жақын. ИЫҰ елдері ІЖӨ көрсеткішінің 1%-ын ғана ғылым-білімге жұмсайды. Түркия мен Иран ғылыми зерт­теулерге шамамен 10 млрд АҚШ долларын бөліп, мұ­сылман елдерінің көшін бастап тұр. ИЫҰ елдерінің басым көп­шілігі ғылымға ІЖӨ-нің 0,7 %-ын бөледі. Түркия, Тунис, Иран, Малайзия сияқты елдер кісі басына шаққанда ғылымға ең көп қаражат жұмсайды. 

Қазіргі мұсылман елде­рін­­дегі ең өзекті мәселе қо­ғам­ мен мемлекеттің үй­ле­сім­ді, жан-жақты дамуын­ қам­­­­­та­масыз ететін білім мен­­ ғылым саласы тұралап, әлеу­меттік және қауіпсіздік про­блемалары белең алуын­­да жатыр. Мұсылман әле­мінде тұрақтылық орнап, ғы­лым мен білімге қайта кө­ңіл бөлінуі, дүниежүзілік қо­ғам­дастыққа интеграция­ла­нуы үшін исламның төзім­ділігі, ашықтығы және пікір алуандығы туралы жа­ңа тұ­жырымдамалар мен филосо­фияға мұқтаждық айқын сезілу­де. Ол үшін мұсылман қоғамдары жал­пы адамзаттық құндылықтарды, өзге өрке­ниет­­тердің жетістіктерін қа­был­­дауға, жаңа білім мен тех­­­но­логия­ны үйренуге ниет та­нытуы қажет. Мұ­сылман әлемінің үштен бір бөлігі жас-тар екенін ескерсек, ғаламат әлеуеттің барын түсіну аса қиын емес. 

Қазіргі мұсылман әлемін­дегі күйзелістен шығу, ке­дейлік мәселелерін шешу қо­ғамның білім деңгейі мен тә­лім-тәрбиесіне тікелей байланысты болмақ. Сондықтан мұсылман әлемінде адам мен табиғат туралы жаңа дүние­таным қалыптастырып, ақыл мен жүректі тең ұстаған ислам­ның кең көкжиегіне қайту қажет. 

Қазақстанға келсек, еліміз ислам әлемінде білім индексі бо­йынша алдыңғы қатарлы мем­лекет. Сондай-ақ, ИЫҰ ел­­дері арасында Қазақстан ғы­лы­ми және индустриалды негіз­дері күшті мемлекет­тер­ге жатады. Өйткені, елі­міз­де сауаттылық деңгейі жо­ға­ры, кеңестік, ұлттық және ба­­тыстық білім жүйелерінің эле­менттері үйлесім тапқан. Қазақстан ізгілік пен білімге құштар жастарды тәрбиелеу арқылы ислам әлемінің интеллектуалды жаңғыруына сеп­тігін тигізіп, мұсылман әле­міне өз даму үлгісін ұсына алады. 

 Ислам діні бес парызға негізделген. Сол үшін адам баласы оның барлығына иман келтіріп, орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы мұсылман бола алмайды.

     1 - парыз: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру. Бұл куәлік Ислам дінінің кілті, Ислам дінінің негізі осы болып табылады: "Лә иләһа иллаллаһ" аудармасы "Аллаһтан басқа тәңір жоқ" ал, мағынасы "Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ". Яғни, Аллаһ Тағала шынайы Құдай, ал Одан өзге құлшылық қылынатын "құдайлардың" барлығыда бекер немесе жалған деп білу. "Иләһ"-деп араб тілінде құлшылық қылынатынды айтады. "Мұхаммадар-расулул-лаһ" - куәлігінің аудармасы "Мұхаммед Аллаһтың елшісі" ал, мағынасы "оның хабарлағаны рас деп білу, бұйырған нәрселеріне бағынып, қайтарғандарынан аулақ болу және оның көрсеткені бойынша Алаһқа құлшылық-ғибадат ету".

     2 - парыз: Намаз оқу. Тәулігіне бес рет оқылатын бес уақыт намазды Аллаһ Тағала Өзінің пенделеріне Өз хақысының өтелуі үшін, берген нығметтеріне шүкірлік қылуы үшін және мұсылманмен Раббысы арасында байланыс болсын деп бекітті. Сонымен қатар намаз - арсыздықпен жамандықты тыюшы. Аллаһ Тағала намаз оқыған адамға дінінің көркемдігімен иманының ізгілігін және сауабын реттейді. Мұсылман адам бес уақыт намаз арқылы бұл дүниеде де, ақыретте де оны бақытты қылатын рухани және дене рахатына ие болады.

     3 - парыз: Зекет беру. Зекет дегеніміз - байлығы, мал-дүниесі белгілі нысапқа жеткен дәулетті мұсылманнан кедей, кембағалдарға жылына бір рет беріліп тұратын садақаны айтады. Ал, малы, байлығы зекет берілетін мөлшерге жетпеген пақыр-кембағалдарға зекет беру міндетті емес. Зекет садақасы діндерімен мұсылмандығы толық болуы үшін, халдерімен ахлақтарының дамуы үшін, сол сияқты өздері мен малдарын түрлі апаттардан сақталуымен және күнәларынан тазаланулары үшін беріледі. Сондай-ақ зекет садақасы мұқтаж адамдарға және пақыр, кедейлерге қарайласуларымен олардың жалпы пайдалары үшін демеу ретінде болады. Негізінде зекет садақасы бай, дәулетті адамдарға ғана уәжіп болады.Соған қарамастан Аллаһтың оларға берген малы және рызығымен салыстырар болсақ,бұл дегеніміз дүниелерінің азғантай бөлігі болып табылады.

     4 - парыз: Ораза тұту. Барлық мұсылмандар һижра есебімен жылдың тоғызыншы айында ораза тұтады(1). Бұл айда барлық мұсылмандар ішіп-жеу, жыныстық қатынастар жағы сияқты өздерінің табиғи құмарлықтарымен шәһауаттарынан таң атқаннан күн батқанша тиылады. Оның есесіне Аллаһ Тағала Өз пенделерінің дінін толық әрі мықты етіп, оларды Өз рахымына алады және оларға Өзінің құрметімен көптеген сауаптар жазады. Сондай-ақ олардың иман байлықтарын арттырып, күнәларын жарылқайды да, дәрежелерін көтеріп қояды. Және де ораза тұтқандары үшін дүниемен ақыреттің көптеген жақсылықтарынан береді.

     5 - парыз: Қажылық қылу. Ислам шариғатында мәлім болғандай қажылық деп - белгіленген уақытта ниет қылып, белгіленген ғибадаттарды орындау үшін Меккедегі Аллаһтың үйі - қасиетті Қағбаны зиярат қылуды атайды. Аллаһ Тағала қажылықты жағдайы келген әрбір мұсылманға өмірінде бір рет орындауын парыз етті. Қажылықты орындау үшін мұсылмандар әлемнің әр түкпірінен жер бетіндегі ең қасиетті мекенге жиналып, бәріне бірдей ортақ, жалғыз Раббылары - Аллаһқа құлшылық қылып, бірдей киім киеді. Сондықтан, қажылықта басшы мен бағынышты, бай мен кедей, ақ пен қараның араларында ешбір айырмашылық болмайды. Олардың барлығы Арафат тауында тұру, мұсылмандардың қыбласы Қағбаны тауаф(2) ету, Сафа мен Маруа арасында жүру тәрізді қажылық амалдарын орындайды. Мұсылмандар үшін, қажылықта екі дүниесінде де пайдалы, санауға ешкімнің есебі жетпейтін көптеген сауаптар жатыр.