Сейсенбі, 04 Қазан 2022 13:59

ТҮРКІСТАН: Діни ұйымның басты мақсаты - қоғамға іріткі салу

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық Қожа Ахмет Яссауи атындағы кәсіптік колледж

студенттерімен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты. Жат ағымдар бүгінгі күнде қоғамымызға көп зиян тигізуде. Қоғам бірігіп татулықта өмір сүрсе дінді де түсіндіру оңай болады. Егер де дін жайлы түсінігі аз, оқығаны аз болса оған өте күрделі дін мәселелерін түсіндіру ерте жасалған қадам. Ондай адамдарға Алланың нығметтері, жаратқан құбылыстарының таңғажайып қырлары т.б.  жайлы айтып дайындау керек. Жат ағым өкілдері ел арасында лаң салып қоғамды дүрліктірді. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. дінді қиындатпаңдар оңайлатыңдар деген еді. Біздер соған амал етіп барынша Исламның жақсы жақтарын көрсетіп, дінді жаюымыз керек. Жат ағым өкілдері өз ата-анасынан бастап ағайын-туыстарын намаз оқымаса, ораза тұтпаса жерден алып жерге салып кіналай жөнеледі. Нәтижесінде одан көбісі теріс бұрылады. Дінге деген теріс пікір қалыптасады. Дінді өмірді қиындататын дүние сияқты көреді. Кезінде бір мұсылман адам басқа қалаға барып саудамен айналысқан. Сонда бір көмекшісіне сататын заттарын қалдырып шаруаларымен кеткенде, көмекшісі сапасында ақау бар бір затты қымбат бағаға сатып жіберген екен. Қайтып келген саудагер бұны білген соң, әлгі сатып алған адамның түр-сипатын сұрап базардан іздеген екен.  Әлгі тұтынушыны тапқан соң артық ақшасын қайтарып береді. Қымбат алып қойыпсыз деген сөзді саудагерден естіп көрмеген әлгі адам қай елден, қай дін өкілісің деп таңырқай сұрапты. Ислам деген дінді ұстанамын деп саудагер  мұсылмандық жайлы түсіндіріп өтіпті. Ислам діні енді таралып келе жатқан замандағы оқиға еді. Сол елдің халқы бір-біріне мұсылманшылықты мақтай отырып жеткізген екен. Нәтижесінде Алланың қалауымен сол қаланың көбі Ислам  дінін қабылдайды. Дінді таратқанда қоғамға пайдасы тиетін әділдікті, мейірімді бірінші орынға қойылатынын жеткізсе адамдар да тырысып жақсылыққа ұмтылады. Жат ағымдағылар, яғни діннен біреулерді бездіріп жүрген мұсылмандарға Алла сана берсін! – Сәләфизм немесе уахабизм мұсылман әлемінің барлығында дерлік пайда болып, көптеген мемлекеттерде түрлі бағыттарда бой көрсеткен ағым. Бүгінгі салафилерміз деп жүргендер Абу Ханипа салып кеткен мазхаб жолын мойындамайды, мазхаб имамдарының жолын ұстанбайды. Бастысы олар қазақы салт-дәстүрлерге түбегейлі қарсы. Олардың сөзіне сенсек, той жасауға болмайды, беташар деген дұрыс емес, жалпы алғанда ұлттық болмысқа тән қасиеттерді жоққа шығарып отырады. Мақсаты – жамағатын қоғамнан оқшаулап, өз мүддесіне пайдалануды ойластырады. Жат ағымдағылар айналаға аса байқатпағанымен өте ұйымшыл, қатарына тартудың насихат жолдарын жақсы меңгерген. Олардың арбауына кез келгеннің түсіп қалуы мүмкін. Жат пиғылдағылар көзі ашық, көкірегі ояу адамды арбай алмайды десек қатты қателесеміз. Діни ұйымның басты мақсаты - қоғамға іріткі салу, сол үшін дүрбелең туғызатын тобыр іздейді. Оның ішінде басқалар сенуі үшін сауаттылар міндетті түрде болуы керек. Осы себепті олар өзіне тартқан әрбір адамның психологиясымен әбден жұмыс жасайды. Қатарын көбейту мақсатында ағымға мүше атақты, бай адамдарды жарнамалайды. Оны көргендер бірден әлгі діни ұйымға бас ұрады. Одан басқа біреулерге материалдық жағдай жасалады, әке-шеше махаббатына сусап жүргендерге қамқоршы да бола кетеді. Әйтеуір олар қолданатын амалдар көп. Жат ағымдағыларды қалай ажыратуға болады деген сауалға келсек, біріншіден олар өздерін тым дөрекі ұстайды, намазға тұрғанда байқайтын шығарсыздар қусырған қолдарын көкіректеріне қояды, біздер болсақ кіндіктен төмен ұстаймыз. «Әмин» сөзін іштей емес, дауыстап айтады, дұға оқылып болған соң бет сипамайды. Кейінгі уақыттарда қулыққа басып дұрыс істегендей кейіп танытатындары бар, бірақ көңіл бөліп қараса жат әрекеттерді айқын аңғаруға болады, - деген мамандар өскелең ұрпақтың жат ағымның жетегінде кетпеудің жолдарын өздерінен сұрады. Бұдан соң басқосу сұрақ-жауап бағытында жалғасты.

 

Оқылды 273 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 11 Қазан 2022 14:05