Шымкентте ерекше жандарды жұмыспен қамту шараларына аса мән беріледі
Мемлекет қоғамдағы барлық әлсіз топтарды назардан тыс қалдырған емес. Мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдаудан бөлек, оларды қоғамға баулып, оңалтуға арналған бағдарламаларды ұдайы түрде жүргізіп отырады. Шаһарда әсіресе ерекше жандарды жұмыспен қамту шараларына аса мән берілген. Осы орайда, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады.