Шымкентте қатерлі ісік ауруын ерте анықтайтын орталық ашылады

Шымкент қаласының халқы енді сапалы ем іздеп Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына барып сабылмайды. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар бұдан былай диагностикалық тексеруден өту үшін онкологиялық орталықтағы «ПЭТ» орталығының қызметіне жүгіне алады. Жаңа тексеру орталығының жұмысын іске асыру үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов«Орхун Медикал» компаниясының директоры Дирик Гоненч Нихатпен келіссөз жүргізіп, екі жақты меморандумға қол қойды. 

Ерлан Айтаханов: «Біз Шымкент қаласынан студенттерді Чехияға ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуге жібере аламыз»

Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл Шымкент қаласына келді. Сапар барысында елші қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесті. Қала әкімі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бары жайында сөз қозғады. 

Шымкент: халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде рөлі зор бірыңғай орталық жұмыс істейді

Елдің әлеуметтік ахуалын жақсартуда кәсіпкерліктің орны ерекше. Шымкентте осы тұрғыда «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін фронт-офис жұмыс істейді. Ондағы мамандардың қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгініпті. 

Шымкентте Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің көрсетілімі өтті

Шымкент қаласында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. Көрсетілім аясында қала әкімі Ерлан Айтаханов «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевты қабылдады. 

Осы RSS каналға жазылу