Дүйсенбі, 14 Қазан 2019 14:32

Шымкентте Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің көрсетілімі өтті

Шымкент қаласында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. Көрсетілім аясында қала әкімі Ерлан Айтаханов «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевты қабылдады. 

Кездесу барысында спортшы туралы түсірілген көркем фильм төңірегінде сөз қозғалып, туындының Шымкент қаласындағы көрсетілімін ұйымдастыру жайы талқыланды. Қала әкімі аталған туындының ұлттық тәрбиеде алар орны ерекше екенін айтып, алдағы уақытта фильмді кинотеатрға барып көретінін атап өтті.

Кинотуындының режиссері – Мұрат Бидосов, ал басты рөлді Самат Әзімқұлов сомдаған. Кинотуындыда 90-жылдардың басындағы Бекзаттың балалығы қиын-қыстау кезеңге тап келгені бейнеленеді. Оның арманы, намысқой бітімі әр бір сәтте сыналып отырады. Сонымен қатарбоксқа деген ерекше қызығушылығы,ата-анасының баласына көрсеткен қолдауы суреттеледі.Фильмнің ұзақтығы1 сағат 20 минутты құрайды. Фильм кинотеатрлардан 3 қазаннан бастап көрсетіліп жатыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 741 рет