Түркістан облысы ет экспорттау жөнінен елімізде бірінші орында тұр
Түркістан облыстық Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Баспасөз жиынында мекеменің жыл басынан бері жеткен жетістіктерін таныстырып, алдағы атқарылар жұмыс жоспарын баяндады. Айтуынша, 2018 жылдың 9 айында ірі қара мал басы саны 11 пайызға артып, 972,6 мыңға жеткен. Қой мен ешкі саны 4,2 пайызға артып, 4323,0 мың басқа, жылқы 7,9 пайызға артып, 304,0 мың басқа, түйе 6,8 пайызға артып, 27,5 мың басқа, құс 8,2 пайызға артып, 1934,0 мың басқа көбейген.