Қазақстанда өндірілген жүзімнің 72,5 пайызы Түркістан облысына тиесілі
Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Абай ауыл округінде жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Қазір Абай округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңірдегі ең ірі «Махарам» шаруа қожалығы егіс алқабының әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. Жүзімнің «Тайфы» сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтілуде екен.