Super User

Super User

Шымкент әкімі қаланы аралады, инфрақұрылымдық жобаларды тексерді

Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында бірқатар маңызды нысандарды тексеріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Түркістан: облыс әкімі «Достық үйі» ғимаратының құрылысы бойынша тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда салынып жатқан «Достық үйі» ғимараты ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларды құрылыс алаңына жинап, бірқатар тапсырмалар берді. Нысанның құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін ескертті. Мердігерге нақты тапсырмалар берді.

Шымкентте белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды

Шаһарда «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті.

Түркістан: залалсыздандыру қызметін көрсететін мекемелер лицензия алуы міндетті

Елімізде денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау мен дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру қолға алынды. Аталған құжатты рәсімдемеген залалсыздандыру ұйымдарына жоғарыда аталған қызметтерді көрсетуге тыйым салынбақ. Бұл жайында Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов БАҚ кілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Осы RSS каналға жазылу