Түркістан: Созақтық халық қалаулылары ауылдардағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жүйесімен танысты

Созақ аудандық мәслихаттың депутаттары бірқатар салынып жатқан әлеуметтік нысандардың, соның ішінде мұражайдың, Ә. Молдағұлова атындағы мектептің қосымша жайының, Ақшам мөлтек ауданындағы жарықтандыру құрылыс жұмыстарының өндірістік кестесіне сай жүргізіліп жатқан жұмыс жүйесімен танысып, кем —кетік кемшіліктеріне мән беріп, ұсыныс —пікірлерін, ескертулерін жасады.