Жұма, 17 Мамыр 2024 14:09

Шымкенттік оқушы ХХ Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Азия ойындары – Гонконгте өткен батутта секіруден жасөсіпірімдер арасында Жақсылық Әбілмансұр қатысты. Қаршадай ғана қазақ баласы сен тұр, мен атайын деген елдердің спортшыларымен бақ сынасты. Жай ғана сынасқан жоқ, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарынан көрінді. Турнирге қатысушылар: Қытай, Жапония, Өзбекстан және 10 мемлекеттен өздерінің кіл мықты спортшылары қатысты. Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды. 

Қытай халық республикасының Гонконг қаласында өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында шымкенттік өрен жүлдегер атанды. Ол – біздің шәкірт Жақсылық Әбілмансұр. Жерлесіміз батут гимнастикасынан финалдық жарыста өнер көрсетіп, ІІІ орын иеленді. Әбілмансұрды 2014 жылдан бері жоғары санатты жаттықтырушы, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андронова Любовь Ивановна жаттықтырады.

Айта кетейік, 16 жастағы шәкіртіміз 25-тен аса елден келген жарысқа қатысушылардың ішінен жеңіс тұғырына көтерілуі – әлемді елең еткізген оқиға болды.
Әбілмансұр 4 жасынан бастап батут гимнастикасымен айналысады. Халықаралық спорт шебері, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы. Ендеше 4 жасынан бастап спортпен айналыса бастаған қаршадай қазақ баласының жетістіктеріне тоқталсақ:
2023 жылы - Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатында(26.01-01.04.2023) батуттық гимнастика ІІ орын;
13-14 жастағы балалар арасында Қазақстан чемпионаты (16-22.05.2023) І орын;
Павлодарда өткен халықаралық турнирде (23-28.06.2023) ІІІ орын;
2023 жылы Қазақстан чемпионатында (15-21.09.23) ІІ орын;
Англияның Бременгем қаласында өткен әлем чемпионатына қатысушы.
2024 жылы - Петропавл қаласында Л.И. Ямкольский атындағы халықаралық турнирде (12-17.01.2023) І орын;
Алматы қаласы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты (18-24.03) І орын;
ҚХР Гонконг қаласы Азия чемпионаты (9-13.05.2024) ІІІ орын.

Қазақстанда, оның ішінде Шымкентте, С.Нұрмағамбетов атындағы №72ЖОББМ-да батуттық гимнастикадан әлем чемпионы, олимпиада чемпионы шығып келе жатқан сыңайлы.

 

 

Оқылды 960 рет