«Біргеміз, Мақтаарал!» штабының еріктілері мақтааралдықтарға 50 тоннаға жуық әлеуметтік көмек жеткізді

2020 жылы 2 мамырда  төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» еріктілер штабы құрылды.

Шымкенттік 274 976 азаматқа әлеуметтік төлем төленді

2020 жылғы 6 мамыр, сағат 9,00-ге мәлімет бойынша, Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлап отыр.

Шымкенттік кәсіпкер 550 отбасыға азық-түлік таратты

«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты. Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше жағдай кезінде аз қамтылған отбасыларға жәрдем беруді жөн санаған.

Бәйдібек ауданындағы қауіп сейілді

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы суы тасыған арық-атыздардың арналары қалпына келтіріліп, қауіп сейілді. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлімет таратты.

Мақтаарал: Апат салдарын жоюға жергілікті қоғам белсенділері атсалысуда

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су салдарын жоюға мемлекет, тұтас қоғам, ел атсалысып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жеткізіліп, тұрғындардың үйлерін салу, өтемақыларын төлеу бағытында да жұмыстар басталып кетті. Міне, осы мәселелердің ашық түрде шешілуін, көмектің әділ жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында бұл жұмыстарға жергілікті қоғам белсенділері де тартылды.