Сейсенбі, 05 Мамыр 2020 15:29

Шымкент: ауызашарға азық-түлік таратылды

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға көмек көрсетіп жатқандар аз емес. Солардың арасында шымкенттік кәсіпкерлер де бар.

Жуырда «Raimbek & Сompany» ЖШС директоры Бауыржан Анарбековтің демеушілігімен карантин салдарынан қиын жағдайда қалған 500 отбасыға азық-түлік таратылды.«Биыл Ораза айы төтенше жағдай кезеңіне тура келіп тұр. Осыған орай Елбасының бастамасын қолдап, қала әкімінің үндеуімен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға шешім қабылдадық. Әдетте Ораза айында ауызашар берілетіні белгілі. Сондықтан ауызашардың орнына осылай көмек береміз дедік. Өздеріңізге белгілі, қазір қайырымдылық шаралары көптеп өткізілуде. Осы үрдісті қолдап, мен де жерлестерімізді әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға көмектесуге шақырамын», - деді Бауыржан Анарбеков.

Қайырымдылық акциясын жергілікті «Отырар-TV» телеарнасы ұйытқы болып, журналистер, Шымкенттің қайырымдылар клубы, Жастар еріктілерінің лигасы, Жастар ресурстық орталығының жастары көмектесті. «Регион» таксиінің көліктерімен азық-түліктер мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берілді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 332 рет