Түркістан облысында пандемияның алдын алу жолында 5 мың ерікті еңбек етуде

Түркістан облысында қауіпті індеттің алдын алу жолында 5 мыңдай ерікті еңбек етуде. Олар, залалсыздандыру жұмыстары мен халыққа азық-түлік және тазалық сақтауға қажетті тауарларды таратуға көмектесуде.

Түркістандық кәсіпкер қауіпті індетпен күреске 5 млн теңге аударды

Түркістан облысында «Біз біргеміз!» акциясы жалғасын табуда.  Коронавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, «Бөрте милка» ЖШС директоры Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды.

Түркістан: Дезинфекция жасайтын мамандарға онлайн нұсқаулық көрсетілді

   

Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығының мамандары аудандағы залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге онлайн режимде дезинфекция жұмыстарының нұсқаулықтармен таныстырды. Орталықтың өкілі Индира Әубәкірованың айтуынша, қазір онда 109 маман бар, аудандағы өзге де мамандар білікті болып, залалсыздандыру жұмыстарын сапалы атқаруы қажет.

Түркістан: 109 байланыс орталығына 2000-нан астам қоңырау түскен

   

Республика бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілгендігіне байланысты Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 форматында тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда. 109 call-орталығы қазіргі уақытқа дейін облыс тұрғындарынан 2000-нан аса қоңыраулар қабылдаған.

Арыстағы балалар ауылының жеткіншектері маска және антисептикпен қамтамасыз етілді

Түркістан облысы Арыстағы балалар ауылының тәрбиеленушілері медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Игі шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Түркістан: 42500 теңге төлемді кімдер ала алады?

 

  Бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева төтенше жағдай кезіндегі азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер бойынша түсіндірме жасады.