Мақтаарал: Кәсіпкерлер де көмегін аямауда
Мақтааралда орын алған төтенше жағдай жеке кәсіпкерлерді де бей-жай қалдырмады. Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласындағы «Қуаныш» ЖШС-і сауда орталығының кәсіпкерлері «Біз біргеміз!» акциясына үн қосып, мақтааралдық ағайындарға гуманитарлық көмек көрсетті.