Мақтаарал: Су басқан елдімекендерде су шығару жұмыстары қарқын алды
Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Сайрам ауданында 23,5 шақырым ағын су жүйесі тазартылды,-деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Мақтааралдықтардың бүгінгі жай-күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бейжай қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-киім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тоннадай гуманитарлық көмек арқалаған керуен Мақтаарал ауданына жолға шықты. Бұл туралыТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Төлеби ауданы Ленгір қаласында қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Ленгір» өзенінде судың көтерілуінен су басу орын алған болатын. Орын алған су басудың зардаптарын жою жұмыстары жүріп жатыр,-деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жетісай ауданында облыс әкімі Өмірзпқ Шөкеевтің бастамасымен бастау алған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында «KUSTO Group PTE.LTD» компаниясы мен «Tectum Engineering» ЖШС шифер зауыты 150 отбасыға азық-түлік себеттерін үлестірді.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтті. Атап айтқанда, оқу орнының басшысы, университет президенті Болатбек Абдрасиловтың бастамасымен және І вице-президент Женгиз Томардың қолдауымен Мақтааралдағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсету мәселесі университеттің басшылығы тарапынан бірауыздан қолдау тауып, көмекке азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті тұтыну заттарының 10-нан астам түрі бойынша 10 тоннаға жуық жүк жөнелтілді.
Түркістан облысының Полиция департаментіне қарасты Отырар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қасиетті айда қан тапсырды. Алдымен, 50-ден астам полицейлер өз еріктерімен қан тапсырмас бұрын, қан беріп, донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендерін анықтатты.