Түркістан: Жетісайда сүт өнімдерінің 15 түрін өндіретін кәсіпорын бар

Өткен жылы Түркістан облысы Жетісай ауданынан облыстық «Жобалық басқару кеңсесіне» ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған 59 жоба ұсынылса, оның 20-сы өсімдік, 39-ы мал шаруашылығы саласы мен қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Жалпы құны 2 млрд теңгені құрайтын аталған жобалардың 20-сы кәсіпкерлердің өз қаржысы есебінен жүзеге асырылған.

Түркістан: «Біз біргеміз» акциясы аясында жеке кәсіпкер 260 отбасыға көмек берді

Түркістан облысында "Біз біргеміз" акциясы жалғасын табуда. Бұл жолы акция аясында Мақтаарал ауданындағы "Хамро ата" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы, жеке кәсіпкер Абудхашим Боев 60 отбасыға азық-түлік пен гигиеналық заттарды үлестіріп берді.

Түркістан: Қаладағы қураған ағаштарды жасарту және суару жұмыстары жанданады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы бүгінгі жұмыс күнін қаланы аралаумен бастады. Алдымен, Б. Саттарханов даңғылы бойындағы желілік парк жұмыстарын бақылап, екі жақ бөлігін ретке келтіру қажеттігін және аталған даңғылдың әлі де жөндеу жұмыстары аяқталмағанына сын айтты.

Төлеби ауданында ауылшаруашылық саласын дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылуда

Түркістан облысы экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Осыған орай Төлеби ауданында аталған саланы дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Түркістан: Кентауда жомарт жандар көп

Кентау қаласына қарасты Ұшқайық ауылдық округі Нұртас елді мекені толықтай карантинге жабылып, бүгінде ауылға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қатаң бақылауда тексеру жұмысы жүргізіліп, ауылдағы пост-бекеттерінде күндіз-түні жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.