Мақтаарал: 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды

Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалды.

Жетісай ауданының Қоғалы ауыл тұрғындары төтенше жағдай қызметкерлеріне көмектесуде

Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылын тасқын су басты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда ондағы 186 үйде тұратын 1400 тұрғынның басым көпшілігі яғни әйелдер қауымы балашағаларын алып, бүгінде өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған-туыстарының үйлеріне орналасқан.

Мақтаарал ауданында тағы 3 ауылды су басу қаупі сейілмей тұр

Бүгін Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауыл окугіндегі Өргебас ауылын қызыл су басып, М-39 "Ташкент-Термез" трассасының бойына жайылды. Сонымен қатар, түсауа ішкі каналдар арқылы трассының келесі бетіне өтіп, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достық ауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарын жайылуда.

Мақтаарал: Тасқын судың шығыны есептелуде

Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай ауыл шаруашылығы саласында түгендеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстармен Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов бастаған Арнайы жұмысшы тобы айналысып жатыр.

Келестіктер Мақтааралмен бірге

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Келес ауданы Фердауси және Жантақсай елді мекендеріне жауапты болып бекітілді,-деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі.