Түркістан: ҚХА Арыс қаласына құрылыс материалдары тиелген 10 жүк көлігін жөнелтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Арыс қаласының тұрғындарына көмек беру шараларын жүйелі жалғастырып келеді. Бүгін Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы құрылыс материалдары тиелген 10 жүк көлігін Шымкенттен Арыс қаласына көмек ретінде жөнелтті. Құны 9 млн 800 мың теңге болатын материалдар бүгін апат орын алған аймақтағы Шымкент қаласына бекітілген №10 секторға жеткізілді.

Түркістан облысы: Арыста радиациялық қауіп жоқ

Арыста жағдай қалыпқа келді. Зақым келген үйлер жөнделіп жатыр. Тұрғындар тіршілігін жасап жүр. Жергілікті билік 1 қыркүйекке дейін мектептерді де ретке келтіреміз деді. Алайда жарылыстан кейін, қауіп сейілгенімен үйлеріне қайтуға бас тартқандар да болды.

Түркістан облысы: Кентаудағы тұрғын үйлер жаңартылады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылға Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 14  үйдің қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті.  

Түркістан: Арыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда жергілікті 50 шақты тауар өндірушілер 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарына  базар нарқынан  30%-ға  төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.

Түркістан облысы: отырарлықтар Арысты қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Отырар ауданына тиесілі Арыс қаласындағы 11 секторда Отырар ауданының штабында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан облысы: Арыста созақтық еріктілер де белсене жұмыс істеуде

Арыста болған төтенше оқиғаның салдарын жою, қаланы қалпына келтурі сынды жұмыстар бүгінде жанданған. Қаланың қираған, зақым келген үйлерін қалпына келту бойынша 17 секторға бөлініп, оған жауапты ретінде еліміздің өзге облыстарымен Түркістан облысының аудан, қалалары бекітілген. Қызылорда облысымен, Созақ ауданына бекітілген 6 секторда бүгінгі күні жұмыс қызу жүріп жатыр.

Арыс қаласындағы қаупсіздік және дабыл жүйесі жаңартылатын болды

Арыс қаласындағы қаупсіздік және дабыл жүйесі толығымен жаңартылып, ауыстырылады. Сонымен бірге Түркістан облысының даму бағдарламасы бойынша өңірдегі барлық аудан, қалаларда да осы бағытта жұмыс күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Арыс қаласындағы брифингте Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің басқарма басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров мәлімдеді.