Жұма, 12 Шілде 2019 19:49

Түркістан облысы: Әліпбек Өсербаев Ордабасы ауданындағы бірқатар нысандарды аралап шықты

Аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев бүгін Қажымұқан ауыл округін аралап, шешімін күткен мәселелерге қанық болды. Темірландағы әкімдік бөлімдеріне арналған ғимараттың, 300 және 600 орындық үш мектептің құрылысымен, «Самал 2,3» мөлтек аудандарындағы инфрақұрылым жүргізу барысымен танысты.

Сондай-ақ, «Черемушки» мөлтекауданындағы аулаларды көріп, кәріз жүйесі мәселесін шешуді жылдамдату қажеттілігіне тоқталды. Сонымен қатар, Қажымұқан ауыл округі әкімшілігі ғимаратын, Қажымұқан атындағы орталық стадионды, Жастар сарайын, ардагерлер үйін, орталық саябақты аралады. «Қайнар» шипажайының, асыл тұқымды ешкі шаруашылығының, «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырының №19 «Темірлан» АГТС жұмыс барысын көрді.

Темірлан ауылында 2017 жылы пайдалануға берілген 14 екі пәтерлі тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйімен танысу үшін арнайы ат басын бұрды. Іссапар барысында Әліпбек Шәріпбекұлы аудан орталығын абаттандыру мен көгалдандыруға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру жағдайы да тез арада шешілуі тиістігін тілге тиек етті. Ауыл әкіміне ауылішілік арық-атызды тез арада қалыпқа келтіруді тапсырды. 

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 707 рет