Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 14:50

Түркістан облысы: кадрлық резервке іріктеу жұмыстары жалғасуда

Елбасы, төрағасы Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім, Диалог, Болашаққа нық қадам» атты партияның 7 серпінді бағдарламасына сәйкес, еліміз бойынша қолға алынған пилоттық жобаны өткізуге Түркістан облысынан Түлкібас ауданы таңдалып алынған болатын.

Жобаның бірінші бөлігі, яғни партиялық кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары ағымдағы жылдың 28 қазан мен 4 қараша аралығында іске асып, бүгінде екінші кезең үгіт-насихат жұмыстары бастау алды. Осыған орай, партияның кадрлық резервіне Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кенті мен Келтемашат, Арыс және Балықты ауылдық округтеріндегі үміткерлермен кездесулер өтті.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы Орталық Аппаратының өкілі Дауырбаев Мадияр Қайсарұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бисенбай Дәулетұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы және Түркістан облыстық «Jas Otan» жастар қанатының ақарушы хатшысы Жұлдыз Намаз, және аудандық «Nur Otan» партиясының аудандық мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 496 рет