Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 22:41

Түркістан облысы: Шарадара ауданының әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы №202 жарлығы бойынша аудандағы батыр аналар марапатталды. Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай өзі ресми қабылдап, «Алтын алқа» иегерлері Айгүл Есмұратова мен ҚарлығашМананбаева, оған қоса «Күміс алқа» иегерлері Шолпан Әуезова, Айжан Досыбаева, Динара Ибадуллаева, Нұржамал Күзербаева, Ақшолпан Наурызбаева және Гүлай Төребекова есімді көпбалалы аналарға өз қолымен алқа тақты. 

Сонымен қатар Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай: «Сіздер ауданымыздың, еліміздің демографиясына орасан зор үлес қосып отырған жандарсыздар. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың дені сау болып, елге елеулі, халқына қалаулы азаматтар болуына тілектеспін. Және өздеріңіз сияқты асыл да батыр аналар көбейсін! Біз сіздермен мақтанамыз»-деп, өз ізгі тілегін білдірді.

Айта өтейік, соңғы жылдары мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға зор қолдау көрсетіліп келеді. Бұл өз кезегінде демографиялық өсімге оң әсер ететіні анық.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 586 рет