Сәрсенбі, 20 Қараша 2019 23:36

Түркістан облысы: Келесі аудан әкімдігіндегі аппарат мәжілісінде көкейкесті мәселелер қаралды

Бүгін Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Аппараттық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Серік Қарақұлов, Абай Жаңбырбаев, Алмас Сексенбаев, аппарат басшысы Талғат Оразбеков, дербес бөлім басшылары мен мамандары, ауыл, ауылдық округтер әкімдері және аудандық мекеме басшылары қатысты. 

Жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. 2019 жылғы аудан, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің жыл соңына дейінгі күтілімді игерілуі туралы алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы А.Муратов хабарлама жасады. Ал аудан әкімі А.Есбаевтың төрағалығымен өткен мәжілістердегі хаттамалық тапсырмаларының

орындалуы туралы екінші мәселеге аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы Н.Нархозиев терең тоқталды. Үшінші мәселе «Nur Otan»партиясы Келес аудандық филиалы төрағасының ауыл, ауылдық округтердегі көшпелі отырысында көтерілген мәселелердің шешілу барысына арналды.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қадағалауды тапсырды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 639 рет